• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:50:07
Алматы
+12°

18 Шілде, 2019 NEWS

Қазадан да қаржы тапқысы келетіндер көбейді (видео)

Алматыда еңбек ардагерлері шу шығарды. Олар қайтыс болған жақындарын жерлейтін орынның сатылып жатқанына наразы.

Алматыда еңбек ардагерлері шу шығарды. Олар қайтыс болған жақындарын жерлейтін орынның сатылып жатқанына наразы. Осыған дейін оймақтай жер тегін беріліп келгенмен, соңғы төрт жылдан бері ақысын сұрайтындар табылған көрінеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтық сапарға шығарып салудан ақы сұрайтындардан қажыған тұрғындардың тауы шағылған. Нұр Алатау ықшам ауданы 2014 жылға дейін Қарасай ауданының балансында болатын. Қалаға күні қарағалы еңбек ардагерлері әкімдік пен соттың табалдырығын тоздырып келеміз дейді. Жақын маңдағы зиратта осындағы жұртшылықтың ата-бабалары жерленген. Енді, қайтыс болған туыстарын жерлеудің өзі мұңға айналып отыр. Себебі, бәзбіреулер бұл аймақты ақша табудың көзіне айналдырыпты-мыс.

Әмірбек Қайназаров, Алматы қаласының тұрғыны:

"Боралдайға барып жерлеңдер дейді. Ал, жер бар. Жер бөлінген. Басқа қаладан келіп ақша төлейді де жерлей береді. Енді өткенде бір кісіні апарып жерлегенде 90 мың төлеңдер дейді. Зираттың өлі тыныштығы тұрғындардың келуімен бұзылды. Бірден көкейдегі сұрақтың жауабын алуға асыққандар, бейіт қызметкерлеріне қарай беттеді. Алайда, жер қазушылар мұндай жағдайдан бейхабар екендіктерін жеткізді. Ал, зират бақылаушысы болса ардагерлер босқа байбаламға басып жатқанын, бұл аумақ ресми түрде жабылғанын айтып әңгімені қысқа қайырды."   

Жарқын Исаев:

"Бұл жер қалаға кіргеннен кейін орын жоқ деп жабылған. Егер сіздердің орындарыңыз болса, қоя бересіздер. Оған ешкімнің қарсылығы жоқ. Ал, егер орындарыңыз жоқ болса, бүкіл қала бойынша ашық зиратқа барасыздар. Ол қала бойынша ашылған, жер бөліп берген жер. Сол жаққа барасыздар. Әкімдіктегілер де зираттың шынымен жабылғандығын растады. Сонымен қатар, қалада басқа ашық бейіттердің бар екендігін ескертті. Ал, ақша беріп жақынын жерлеу бос әңгіме деп кесіп айтты"

Ұлан Құттымбетов, Бостандық аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

"Жергілікті тұрғындарды жерлеу үшін қомақты қаржы талап ету мәселесі бойынша Бостандық ауданының әкімі, прокуратура өкілдерінің қатысуымен бірнеше мәрте жиналыс болған. Аталған фактілер сол кезде дәлелін тапқан жоқ. ҚР жер кодексіне байланысты қайтыс болған адамға ҚР жерлеу тегін болып табылады"

Ардагерлердің бұл уәжге келіскісі жоқ. Қаланың сыртына сабылып, жақынын жерлеуді қаламайды. Бассыздық бар деген ойынан танбағандар енді әділдік іздеп, Бас прокуратураға дейін шағымданамыз деп тарқасты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір