• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:20:09
Алматы
+12°

16 Шілде, 2019 Оқиғалар

Қытайда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақ қызына қатысты тың деректер пайда болды

Қытай полициясы қазақстандық Сандира Серікханованың өліміне қатысты істі қайта қарап, қыздың жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғанын растады

Қытайда білім алған қазақстандық студент тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлаған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қытай полициясы қазақстандық Сандира Серікханованың өліміне қатысты істі қайта қарап, қыздың жазатайым оқиға салдарынан көз жұмғанын растады. 

24 жастағы қыз Қытайдың Чанчжоу қаласында тұрғын үйдің 17-ші қабатынан құлап көз жұмған. Қайғылы оқиға осы жылдың 26 сәуірінде болыпты. Сандира Серікханова Қытайдың Цзянсу провинциясындағы технология университетінде оқып жүрген.

Қыздың әкесі мен ағасы дереу Чанчжоу қаласына аттанған. Қазақстанның Шанхайдағы бас консулдығының көмегімен марқұмның отбасы Қоғамдық қауіпсіздік департаменті, Серікханова оқыған университет пен сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесті. Кездесу кезінде қыздың туған-туыстарына қайғылы оқиға болған үйдің кіреберісіндегі камералардың  бейнематериалдары көрсетілді.

Тергеу қорытындысына сәйкес, қазақстандық қыздың жазатайым оқиға салдарынан қаза болғаны анықталды. Кісі қолынан көз жұмғаны расталған жоқ.

2 мамырда марқұмның денесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір