16 Шілде, 2019 Тағайындау
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Бұған дейін «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметін атқарған болатын
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның ұжымына жаңа басшы Тамара Дүйсенованы таныстырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Министрліктің сайтына сілтеме жасап.
Министр Тамара Дүйсенованың әлеуметтік-еңбек саласындағы тиісті білімі мен мол тәжірибесін атап өтіп, бірінші кезекте тұрған бірқатар мәселелерді міндеттеді.
«Тамара Қасымқызы әлеуметтік-еңбек саласын дамытуға елеулі үлес қосты, бүгінгі күні еңбек нарығының тиімділігі мен еңбек ресурстарының сапасын арттыру, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және ел басшылығы қойған басқа да тапсырмаларды орындауда мол тәжірибесі бар», - деп атап өтті министр.
Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, «Nur Otan» партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.
Орталықтың бұрынғы басшысы Ербол Оспанов «ЕРДО» АҚ-ның бірінші вице-президенті қызметіне ауысты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір