15 Шілде, 2019 NEWS
Шымкент тұрғыны ұялы телефоннан көз жұмды
2018 жылы Шымкентте осындай жағдаймен төрт адам көз жұмған, оның екеуі - 14 және 9 жастағы балалар.
Шымкент тұрғыны ұялы телефонын токтан ажыратамын деп көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"1996 жылы туған шымкенттік ер адам ұялы телефонын электр қуатынан ажырату кезінде ток соғып, оқыс оқиға орнында қайтыс болды", – делінеді қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
2018 жылы Шымкентте осындай жағдаймен төрт адам көз жұмған, оның екеуі - 14 және 9 жастағы балалар.
Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаменті, телефон қуаттағышын тоққа қойғанда абай болуды ескертеді.
"Көбіне иммунитеті әлсіз, тершең адамдар ток соққанда бірден тіл тартпай кетеді. Адамды тоқ ұрған уақытта оған көмектесемін деп жалаң қолмен бас салмау керек, тоқ өтпейтін құрғақ матамен ұстаған жөн" делінеді төтеншеліктердің кеңесінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір