10 Шілде, 2019 NEWS
Емші Ерболсын әншіге айналды (видео)
Тойда ән салған емші баланың қылығы желі жұртын таң-тамаша етті.
"Үкілі емші бала" атанып, елді шулатып үлгерген Ерболсын Серікбаев енді тойда ән айтып, көпшіліктің көзіне түсті. Бозбала видеоны өзінің
">Instagram парақшасына жүктеген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбеге көшіп, колледжде оқып жатқан емші баланың видеосы желіде қызу талқыға түскен.
"Сен өзің емшісің бе? Әншісің бе?", - деп оқырмандардың бірі сауал да жолдаған. Ал Ерболсын болса, желі қолданушысының бұл сұрағын жауапсыз қалдырмай, пікір қалдырды.
"Емшілік қонған адамның бойында әртүрлі өнер болады. Сондықтан сынамаңыз", - деді аралдық жігіт. Тіпті желі қолданушылары арасында Ерболсын Серікбаевтың дауысына таңғалғандар да табылды.
"Өте керемет", "Жарайсың", "Дауысың керемет", "Өзіңе Алла жар болсын", "Талабың өрге бассын", "Өнерлі жігіт екенсің", - деп жазды желідегілер.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір