• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:25:57
Алматы
+12°

Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны қауіпсіздігі орташа колонияға қайтаруды сұраған бас прокурордың талабын қанағаттандырды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2019 жылдың 13 наурыз күні Алматы қалалық соты Жанар Толыбаевның жазасын жеңілдетуге шешім қалбылдады. Сот оны кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отырғанын ескеріп, ортакүзет колониясынан қоныс колониясына ауыстырған болатын.

Еске сала кетсек, Жанар Толыбаева 2019 жылдың 6 наурызында ұл босанды. Осыған байланысты сотталушының адвокаты Амангелді Сариев жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдыруды сұраған болатын. Толыбаева сәбидің әкесі Арман Құдайбергенов екенін айтқан еді. Ол да Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталды.

Оксана Теннің ойынша, Толыбаева кездейсоқ куәгер емес, сол қылмысқа серіктес болған.

"Біз Бас прокуратураға мұндай шешім үшін алғысымызды білдіреміз. Толыбаева тек кездейсоқ куәгер емес, қылмыстық істің серіктесі болған деп санаймыз", - деді Оксана Тен. 

Сот отырысында Толыбаеваның адвокаты Ізімбаев Бас прокурордың наразылығын қабылдамауды және екінші инстанция сотының шешімін күшінде қалдыруды сұрады. Алайда сот екінші инстанция сотының шешімін жойды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір