09 Шілде, 2019 Барлық аймақтар
Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі сот алдында кінәсін мойындады
Бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот алдында жауап берді
Білім және ғылым экс-вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот алдында жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып.
Экс-вице-министрге қатысты қылмыстық іс Есіл аудандық № 2 соттың қарауында болған. Суханбердиеваны арнайы көлікпен сот залына жеткізді.
–Күдіктілер айғақтар мен дәлелдерге қарсы келмеді,- деді мемлекеттік айыптаушы.
Фото: Tengrinews.kz
6-маусым күні Білім және ғылым экс-вице-министрі Эльмира Суханбердиева тұтқындалған болатын. Оған өз қызметін асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылған.
2-шілде күні экс-вице-министрдің ісі сотқа жолданғаны белгілі. Антикоррупциялық ведомстваның басшысы Алик Шпекбаевтың айтуынша, Эльмира Суханбердиева барлық айыптауларға келіскен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір