09 Шілде, 2019 NEWS
Митингте қолшатыр ұстағандар тұтқындалмады. Неге?
Бұл сұраққа ІІМ Ерлан Тұрғымбаев жауап берді.
6-шілде күні Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында заңсыз шерулер ұйымдастырылып, 100-ден аста адам тұтқындалған. БАҚ өкілдері баспасөз конференциясы барысында министрден қолшатыр ұстағандардың неге ұсталмағанын сұрады. Министр жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Арыз жазыңыздар, біз қараймыз. Ол күні көшеде жай ғана өтіп бара жатқан, қыдырып жүрген адамдар көп болды. Біз, Бас прокуратура жағдай туралы алдын ала ескерттік. Заңмен рұқсат берілмеген митингке қатысу әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын айттық. Тұрғындарды қаланың шырқын бұзбауға, мерекелік көңіл-күйді құртпауға шақырдық", - деді ол.
Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін орын алған митингтерде адамдарды арандатып, митингті қаржыландырғаны үшін 2 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір