• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:35:51
Алматы
+12°

05 Шілде, 2019 Music

Димаштың 70-тегі жанкүйері Америкадан Қазақстанға көшіп келді

Димаш білім алған Ақтөбедегі №32 қазақ мектеп-гимназиясынан күнде қонақ арылмайды. Соңғы бір айда жүзге тарта шетелдікті қабылдапты.

Димаштың өнеріне тәнті болған АҚШ азаматшасы Қазақстанға қоныс аударды. 70-ке таяп қалған зейнеткер қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрып жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өзі қазақша үйреніп, әрі қазақ балаларына ағылшынды үйретіп жүр екен. 

Димаштың орындауындағы «Махаббат бер мағанды» тыңдауы мұң екен, Анита Карл өзіне «қалайда қазақша үйренуім керек!» деп мақсат қойыпты. Димаштың ана тілінде сайрау үшін қазақтардың ортасында тұруым керек деген ой келіпті. Содан АҚШ-тағы тып-тыныш өмірін тастап, Қазақстанға қоныс аударған. Келесі жылға дейін осында қалам деп отыр. Зейнеткер қол қусырып отырмай, елордадағы мектептердің бірінде ағылшын тілінен дәріс береді екен. Өмірімді күрт өзгертуге сеп болған  Димаштың өнері дейді.

"Димаштың даусына ғашық болдым. Қазақ тілін, Димаш сөйлейтін тілді үйреніп жүрмін. Екі жыл бұрын орындауындағы әндерді естідім де, Мәскеудегі концертін көргеннен кейін, Қазақстанға барып тұрамын дедім. Оның әніне ғашықтық мені Қазақстанға баруға итермеледі. Туған жерін көргеніме қуаныштымын", - деді Димаштың жанкүйері Анита Кахл. 

Димаш білім алған Ақтөбедегі №32 қазақ мектеп-гимназиясынан күнде қонақ арылмайды. Соңғы бір айда жүзге тарта шетелдікті қабылдапты. Әрісі АҚШ, Германия, Ұлыбритания, берісі Мәскеуден келген. Бәрі де Димаштың жанкүйерлері екен. Олар Димаш туралы бәрін білгісі келеді. Әншінің алғашқы ұстазы Клара Қажғалиеваны сауалдың астына алады екен. 

Димаштың Астанадағы жеке концертін естігендері сол екен, жер-жердегі фанаттары Ақтөбеге барғысы келетіндерін айтыпты. Туристік агенттіктерге қолқа салғандар көп екен. Солардың бірі  Малайзиядан келген отбасы. Ясмин Абу-Ханифа ұлының арбаға таңылғанына, жолдың шалғайлығына қарамастан, Қазақстанға ертіп келген. 

"Димаштың әндері құлағымызда күні-түні ойнап тұр. Ол- феномен. Екінші Майкл Джексон ғой. Егер табанымыз Ақтөбеге тимегенде, Димаштың туған жерін көрмегенде, өміріміз босқа кетті дер едік. Мен бақыттымын!", - деді малайзиялық жанкүйері Ясмин Абу-Ханифа.

Димаштың жерлестерінің көңілін қалдырмайық деді ме, әлде хас өнерге деген махаббат па, Ақтөбеге табаны тиген шетелдіктер оның шұрық-тесік жолын да, шаң басқан көшелерін де көрмеген кейіп танытты. Бірақ, такси жүргізушілеріңіз ағылшын тілін меңгерсе деген өтініштерін айтып қалды. Мектептегі мұражайын аралап жүріп, Димаштың еш жерде жарияланбаған оқушы кезіндегі фотосуреттерінен жасалған буклетті көріп, балаша қуанды. Тіпті, сатып алуға дайын болды. Қай жерден алсақ болады деп сұрап та жатты. Ұстаздардың аузынан бір ғана дана дегенін естігенде, көңілдері су сепкендей басылды. 

Табынушыларына әншіге қатысы бардың бәрі қызық. Турды ұйымдастырушылар туристердің бар ұсыныстарын ескердік деп отыр. Оларды Димаш оқыған мектеп, саз мектебі, әрі қарай білімін шыңдаған музыкалық колледжге апарды. Жанкүйерлері әншінің ұстазы Марат Әйтімовпен жүздесіп, сауалдарын қойып, тіпті музыкадан дәріс алуға мүмкіндік алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір