• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Қараша, 07:39:29
Алматы
+12°

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу оталығы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдері мен блогерлер үшін ақпараттық оқыту семинары өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Семинарды теолог, исламтанушы, Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу оталығы" қоғамдық қорының президенті Кәкімжан Бишманов жүргізді. 

Дін, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат тарату кезінде журналистер көп қателесуі мүмкін. Ал семинардың басты мақсаты БАҚ өкілдерінің діни сауатын толықтырып, діни экстремизм мен терроризмнің аражігін ажырату. 

Семинар соңында журналистерге арналған нұсқаулықтар беріліп, қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. 

Естеріңізге сала кетейік, үш күн қатарынан өткен семинар 9-10 шілде күндері жалғасын табады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір