04 Шілде, 2019 Саясат
"Шевронда" шетелдіктердің саны азаймақ... "Теңіз" оқиғасы нәтиже берді
Chevron компаниясының арнайы өкілі басшылық құрамда қазақстандық мамандарды көбейтуге уәде берді.
Chevron компаниясының президенті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа басшылық құрамдағы қазақстандық мамандардың санын көбейтуге сөз берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"3-шілде күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыстағы мұнай барлау компаниясы Chevron басшысы Тодд Левимен кездесіп, халықтың әлеуметтік ахуалы және қауіпсіздігі жөніндегі бірқатар сұрақтарды талқылады. Теңіз маңындағы халықтың ахуалын жақсартып, басшылық құрамға қазақстандық азаматтар тартылады деп сендірді Тодд Леви", - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жариялаған мәлімдемеде.
Министр Теңіз мұнай өндіру ошағындағы барлық жағдай қатаң қадағаланатыны туралы айтып өтті.
"Ең маңыздысы – ҚР заңдарының табанға тапталмауы. Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар арасындағы жалақы және жалпы жағдай бойынша бөліп-жарудың болмауы", - деді Сапарбаев.
Леви өз кезегінде бірге еңбек ететін әріптестер арасындағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында тәрбие жұмыстары жүргізілетінін айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір