02 Шілде, 2019 NEWS
Шыны сынығымен ер адамның мойнын кесіп өлтірген
Қайғылы оқиға Алматыда орын алған
Алматыда шыны сынығымен ер адамның мойнынан кесіп өлтіріп кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының сайтына сілтеме бере отырып.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Қаскелең қалалық ауруханасына мойны жарақатанған ер адам ауыр халде түскен.
Дәрігерлердің көмегіне қарамастан 50 жастағы зардап шегуші есін жимастан көз жұмды.
Оны еңбек алаңында жалдамалы жұмысшылар арасында көргендер бар екен. Полиция өлімге қатысты күдіктіні ұстады.
"Іргелі ауылының тұрғыны ұсталды. Олар бір бірімен таныс болған. Марқұм ер адам да, күдікті не әртүрлі жұмыс істеп ақша тауып жүрген. Екеуі жандалдасып қалып, соңында төбелеседі. Күдікті марқұмның мойнын шыны сынығымен кесіп жібереді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық полиция департаменті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір