• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:18:02
Алматы
+12°

28 Маусым, 2019 NEWS

Тоқаев: Азаматтар мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде алуы керек!

"Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде, еш қиындықсыз алуы тиіс!"

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Министр мемлекет басшысына министрліктің қазіргі уақытта жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырып, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының, жасанды интеллектіні дамытуды іске асырылу бағытын баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде министрліктің қазіргі уақытта жасап жатқан жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ел экономикасы мен азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды, цифрлы жүйеге көшіруді тапсырды.

"Қазіргі уақытта азаматтарға мемлекеттік қызметтерді пайдалануда қиындық туғызатын барлық үдерістерді автоматтандыру керек. Азаматтар кез-келген сапалы мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде алуы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, министр еліміздегі дәстүрлі түрде өтетін ІТ-стартаптардың Халықаралық технопаркі саналатын Astana Hub инновациялық экожүйесінің жобалары туралы баяндады.

Асқар Жұмағалиев келтірген фактілер негізінде сөйлесек, қазіргі уақытта технопарк штаттық режимде жұмыс жасайды. 260 компанияның акселерациядан өтуі нәтижесінде Қазақстан қазынасына 28 миллиард теңгеге жуық қаржы тартылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір