25 Маусым, 2019 Спорт
Неймар "Барселонамен" келісімге келді
Бразиялиялық аяқдопшы Франциядан өзін таппай, Каталонияға қайта оралмақ.
"Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар каталондық "Барселонамен" ауызша келісімге қол жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sport.es сайтына сілтеме жасап.
Басылымның ақпараты бойынша, қос тарап бесжылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл ретте бразилиялық каталондықтармен келіссөздер жүргізбей, клуб басшылығы оның трансферін қалай жүзеге асыратынын түсіне отырып, оған ұсынылған шарттарға келісті.
Келісімшарт бойынша Неймар қазіргіге қарағанда бір жарым есе аз жалақы алады. Қазіргі уақытта 27 жасар форвард ең жоғары ақы төленетін футболшылар тізімінде екінші орынға ие. "Барселонада" футболшының жалақысы 24 миллион еуроны құрайды.
Бұған дейін хабарланғандай, "Барселонаға" оралу үшін Неймар да клуб жанкүйерлерінің алдында кешірім сұрап, оның ПСЖ-ға өтуі 2017 жылдың жазында қате болғанын мойындауға дайын.
Екі жыл бұрын париждіктер бразиялиялық аяқдопшыны 222 миллион еуроға сатып алған. 27 жасар форвардтың ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30-маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда бразилиялық форвард 15 гол соғып, Франция чемпионатының 17 матчында жеті нәтижелі пас берді.
Аударған: Ақжібек Аралбек
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір