• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:09:29
+12°

Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға арналған арнайы акция бастау алды. Игі шараны «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы, «Казахавтодор» ЖШС Алматы облыстық филиалы және Алматы облысының полиция департаменті ұйымдастырды. жол қозғалысы қауіпсіздігі

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар республикалық маңызы бар «Алматы-Бішкек» автожолының бойында жылдамдықты шектеу белгілерін қойып, арнайы плакаттар әзірлеп жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға шақырды. Сондай-ақ, жүргізушілерге жол жүру ережелері жазылған ақпараттық таратпа қағаздар берілді.

Акцияның басты мақсаты – жылдамдықты шамадан тыс асыру және жол ережесін сақтамау салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп қара жолдың бойында қаза тапқандар санының артқанына халықтың назарын аудару, жүргізуші мәдениетін арттыру. жол қозғалысы қауіпсіздігі

Анықтама үшін: 2018 жылы «Алматы-Бішкек» автожолында 171 жол-көліктік апаты тіркелген. Апатта 49 адам қаза тауып, 280 адам жарақат алған.

Зерттеу бойынша жол-көлік оқиғаларының түрлері:

-        Қақтығысу;

-        Аударылу;

-        Жаяу жүргіншіні қағып кету.

Жол-көлік апатының негізгі себептері:

-        Жылдамдықты арттыру;

-        Қарама-қарсы жолға шығу

-        Ара қашықтықты сақтамау

Аталмыш акция жол қозғалысының қауіпсізідігін насихаттауға арналған дәстүрлі науқан болып табылады.

Шараға облыстық және республикалық жолдарды орташа жөндеу мен қайта жаңарту жұмыстарын жүргізетін «РСУ-1» ЖШС, «Т.М.М.Береке» ЖШС, «Алматы жолдары» ЖШС, «Атырауинжстрой» ЖШС, «Жандос и К» ЖШС компаниялары қолдау көрсетті. жол қозғалысы қауіпсіздігі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір