• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:26:13
Алматы
+12°

Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов әлеуметтік желілерде тараған жаңсақ пікірге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл бастама жайлы өзінің сайлауалды бағдарламасында айтып қойған болатын. Депутат қазақстандықтардың президент сайлауына белсенді қатысып, тарихи таңдау жасағанын атап өтті.

"Сайлауға дауыс беру құқығы бар адамдардың 80%-нің қатысуы, олардың бір адамға 70% дауыс беруі өркениетті әлемде, демократиялы қоғамда жоғары көрсеткіш болып саналады. Десе де толғандыратын жекелеген мәселелер бар. Мәселен, Тоқаевтың негізгі оппоненті 17% дауыс жинады. Ал бұл 1 миллион 495 мың сайлаушы – бір жарым миллионға жуық адам. Меніңше, бұл көп емес, бірақ аз да емес. Сіз бен біз бұл сайлаушылардың нақты бір кандидатты қолдап немесе нақты бір кандидатқа қарсы дауыс бермегенін білеміз. Олар, негізінен, өздерін басқаратын адамдарға деген сенімінің жоқтығынан осылай дауыс берді", - деді Әбдірахманов мәжілістегі ҚХА депутаттарының отырысында.

Мәжілісмен қазіргі міндет биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру екенін нақтылап айтты.

"Қоғамдық сенім дағдарысы, міне, бізді қазір осы мәселе алаңдатуы тиіс. Дәл осы қоғамдық сенім дағдарысынан қоғамдық көңіл-күйдің радикалдануы орын алып отыр. Көңіл-күйдің радикалдануының басты себебі – саяси пікірталастағы мәдениеттің жоқтығынан. Міне, Тоқаев осы себептен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрғалы жатыр", - деді ол.

Осы орайда Әбдірахманов әлеуметтік желілерде Тоқаевтың бастамасына қатысты тараған жаңсақ пікірге тоқталды.

"Айтпақшы, қазір әлеуметтік желілерде кейбір білгіштер Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кеңесті көшелердегі наразылық шерулерден кейін құрғалы жатыр айтып жатыр. Тіпті олай емес!", - деді депутат.

Ол ұлттық кеңес құру жайлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында тайға таңба басқандай жазылғанын айтты. Осыдан кейін сайлауалды тұғырнамадан үзінді келтірді.

"Мен қоғамдық сенім ұлттық кеңесін құруды жөн көрдім. Ұлттық кеңеске біздің қоғамның қабілетті өкілдері кіретін болады. Осы кеңес аясында маңызды жалпыұлттық заң жобалары мен даму бағдарламаларына қоғамдық сараптама жүргізетін боламыз", - деп оқып берді Әбдірахманов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір