• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:40:26
Алматы
+12°

18 Маусым, 2019 NEWS

Қазақстанда митинг кезінде 4 мың адам ұсталды

Бүкіл полиция тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл газ баллондары, дубинкалар, олар қолданылған жоқ. Бұл қақтығыстарды оқшаулау үшін тек физикалық күш қолданылды.

© REUTERS

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Маусымның 9, 10, 11, 12 және 13-і - бес тәулік ішінде Бас прокуратура мен ІІМ-нің бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, Қазақстан қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өткізілді. Митингіге шыққан азаматтар "митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы" заңды бұзған. Заңда мұндай акцияларды өткізбес бұрын қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруі тиіс екені анық жазылған. Тек ЖАО-ның рұқсатымен ғана митингтер өткізілуге тиіс", - деді Тұрғынбаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол полиция қызметкерлеріне арнайы құралдарды қолданбауға команда берілгенін атап өтті.

"Бүкіл полиция тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл газ баллондары, дубинкалар, олар қолданылған жоқ. Бұл қақтығыстарды оқшаулау үшін тек физикалық күш қолданылды. 4 мыңға жуық азамат ұсталды", - деді министр.

Министрдің айтуынша, 3 мың азамат "қамауға алынып, босатылды". 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға, 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір