15 Маусым, 2019 NEWS
Төрт сантехниктің өліміне кінәлілер сотталады ма? (видео)
Кәріз құдығын бітемек боп ішіне түскен бір сантехник газға уланып тіл тартпай кетеді. Кейін оны құтқарамын деп төменге бірінен соң бірі түскен үш жұмысшы да метанға тұншығып қаза тапқан.
Vlast.kz
Төрт сантехниктің қазасына байланысты қамауға алынған «Астана су арнасының» қызметкерлері 7 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тергеу изоляторына жабылған монополист мекеменің екі лауазымды қызметкері кінәларын мойындаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.
Нұрлан Мұқанов, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасының бөлім бастығы:
"Жауап алу барысында ұсталған екі азамат қатты өкінді. Сонымен қатар жеткіліксіз жұмыс істегендерін мойындайды. Енді 7 жылға дейін жаза берілуі мүмкін.",- деп мәлімдеді.
Қамауға алынғандардың бірі «Астана су арнасының» бас механигі. Ол, жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты болған. Яғни, құдық ішінде улы метанға тұншыққан сантехниктерге газдан қорғайтын бетперде кидіруі керек еді. Бірақ бұл ереже орындалмаған. Ал, қолына кісен салынған екінші адам Алматы ауданына қарасты «Астана су арнасының» жетекшісі. Ол да қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзған деген күдікпен изоляторда отыр. Қазір «еңбекті қорғау ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жантүршігерлік қайғылы оқиға тура 20 күн бұрын болған еді. Кәріз құдығын бітемек боп ішіне түскен бір сантехник газға уланып тіл тартпай кетеді. Кейін оны құтқарамын деп төменге бірінен соң бірі түскен үш жұмысшы да метанға тұншығып қаза тапқан. Олар 24, 26, 31 және 51 жастағы жұмысшылар.
Ұсынған: Бек Байтас
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір