13 Маусым, 2019 Атырау облысы
"Әр айда бір отбасыға баспана беріп тұруға мүмкіндік бар"
Қарамолдиева Гүлбануға пәтердің кілтін "Ембімұнайгаз" АҚ-тың директоры Жақсыбековтың өзі табыстады.
"Ембімұнайгаз" мекемесі қызметкерлерінің бір күндік жалақыларының есебінен көпбалалы жалғызбасты ана баспаналы болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қарамолдиева Гүлбануға пәтердің кілтін "Ембімұнайгаз" АҚ-тың директоры Жақсыбековтың өзі табыстады.
Бұл туралы Атырау қаласы әкімдігінің ресми өкілі Әлібек Науаров хабарлады. Оның айтуынша бір айда бір отбасына пәтер сыйлауға болады.
""Ембімұнайгаз" мекемесі қызметкерлерінің еңбекақысының 1 күндік қаржысы бір адамға .й сатып алуға жеткілікті болса, әр айда бір отбасыға баспана беріп тұруға мүмкіндігі бар деген сөз.
Жылыой ауданында мекеме қызметкерлерінің бір күндік табысынан бір отбасы баспаналы болды.
Ақорда — еліміздің көп балалы отбасыларға баспана мәселесін Ембімұнайгаз секілді біздегі алпауыт мекемелердің бір күндік еңбекақысы арқылы тиімді шешуге болатынын және әр мекеме жылына 12 үй алып беруге қол ұшын созып, көмектесе алатынын көрсетті. Енді тек жалғастырып және өзге монополисттерге "ұсыныс" беруге болады", - деп жазды Әлібек Науаров өзінің Instagram парақшасына.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір