• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:53:57
Алматы
+12°

13 Маусым, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Дос Көшімнің қызы: Әкем сияқты қазақтар үшін әлі ешкім ештеңе істеген емес

Әміржан Қосановтың сайлауалды бағдарламаларында бірге үгіт-насихат жүргізген Дос Көшімнің қызы Айна Досқызы өз әлеуметтік желісінде әкесі туралы пікір қалдырды.

YouTube

Әміржан Қосановтың сайлауалды бағдарламаларында бірге үгіт-насихат жүргізген Дос Көшімнің қызы Айна Досқызы өз әлеуметтік желісінде әкесі туралы пікір қалдырды.

"Әкеме қатысты. Бірден ескертемін: кез келген негативті коммент блокқа кетеді. Себебі, әкем сияқты қазақтар үшін әлі ешкім ештене істеген емес. Сондықтан, өздері ІСПЕН ешқандай үлес қоспаған адамдар өз пікірін жазуға xақы жоқ деп ойлаймын.

✅ Әкем оппозиционер емес, ол - ұлтшыл. Әрқашан өзін солай атаған. Журналисттердің оны оппозиционер деп атауын есепке алсақ та, қазір солардың ішіндегі билікте ешқашан қызмет етпеген жалғыз адам (30 жылғы "оппозиция" бұрыңғы билік өкілдерінен тұратынын білеміз).
✅ Осыдан 3 жыл бұрын қазақтың жерін Қытайға сатқызбауда қанша шырылдап жүрді. Білесіздер өздеріңіз.
✅ 2002 жылы Өзбекстанға қазақ жерін бермеу үшін митинг ұйымдастырып, бір аймақты қайтарып алды.
✅ Монғолиядан қазақ оралмандарын елге қайтарды.
✅ Қытайдан қайта алмай, шекарда бір айы бойы жатқан оралмандар үшін жүгіріп, елге әкелді.
✅ Шаңырақ оқиғасына қатысқан 25 азаматты қорғап шықты.
✅ Қазақстанда ЕШҚАШАН БОЛМАҒАН сайлауды бақылаушылар институтын қалыптастырды. Әкеме дейін сайлауда бақылаушылар болмайтын. Бақылау бағдарламасын жасап, бүкіл бақылаушыларды оқытқан адам. Қазіргі бақылаушыдардың бар болғаны, заң бұзушылықтарды сіз көргеніңіз - әкемнің арқасы.
✅ Қазақстан бойынша қазақ фамилиялар "-ұлы", "-қызы" деп жазылуына бөлек еңбек етті.
✅ Тәуелсіздік алғаннан кейін талай орыс мектептерін қазақшалады, не қазақ сыныптарын аштыртты.
✅ Жер-су аттарын қазақшалу туралы заң жасасты.
✅ Бірнеше әскери бөлімшелерге қазақ батырлардың атын беруді талап етті да, өзгертті.
✅ Бір де бір қазақ және өзге ұлт арасындағы шиеленісті жіберіп алмай (Шелек оқиғасы, т.б.), қазақтардың мүддесін қорғап шығып, кінәлі адамдардың жазалануына қол жеткізді.
✅ Билікке қарсы болғаны үшін жұмыстан сонау 99 жылы шығарылды.
✅ Билікке қарсы болғаны үшін, әділ сайлауды талап еткені үшін бірнеше рет сотталды, жауапқа тартылды, т.б.
✅ 86 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, әрі сол монументтің алаңға орнатылуының инициаторы.
✅ Орыс тілді облыстарда балаларын қазақша оқыту бойынша талай ағартушылық жиындар ұйымдастырды.

✅т.б. ӨТЕ КӨП жұмыстар.
.
Әкеме билік те, атақ та керек болған емес. Бар ойлағаны - қазақтың мүддесі",- дейді Айна Досқызы.

Дереккөз: Айна Досқызының Instagram парақшасы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір