• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:10:31
Алматы
+12°

13 Маусым, 2019 NEWS

Қолдаушылары Қосановты "жерледі" (видео)

Сайлауға дейін Қосановқа Құдайындай сенген қолдаушылар сайлау біткен соң "сатқын" деп танып, барлығы наразылығын білдірген

Atameken Business Channel

Жаңаөзен қаласының халқы мен сайлау учаскелерінің бақылаушылары қосылып, кандидат болған Әміржан Қосановтың суреттерін жинап, өрттеп жіберді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңаөзендегі бір топ ашынған топ Қосановтың суреттеріне от қойып, жағып жіберді. Сайлауға дейін Қосановқа Құдайындай сенген қолдаушылар сайлау біткен соң "сатқын" деп танып, барлығы наразылығын білдірген. Бейнематериалда белгісіз адамдар:

"Әртістер бұлай ойнамайтын шығар, қазақтың сенімін ұрладың. Қарғыс атсын, сені. Маңғыстаудың қасиетті топырағына аяғыңның ұшы тимейтін болсын. Жаныңдағылармен бірге жоқ болып кет",- деп қарғыс жаудыруда. Әміржан Қосановқа "Маңғыстау" деген сөзді ұмытып, екінші аузына алмасын деп жатыр. Сөз арасында:

Бейнекөріністе "Халықтан ұялмай ақша жинадың, ұятсыз екенсің",- деген пікірлер де айтылады.

Ескерту! Балағат сөздер бар!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір