13 Маусым, 2019 Саясат
БҰҰ: Қазақстанның бұл қимылы адам құқығы бойынша халықаралық заңға қарама-қайшы
БҰҰ басқармасында ескергендей, 9 және 10 маусым күндері тәуелсіз дереккөздер хабары бойынша “Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында мың бейбіт шеруші, журналисттер қамауға алынды”
БҰҰ адам құқығы бойынша басқармасы Қазақстанда 9-10 маусым күндері өткен жаппай қамауларға байланысты өзінің алаңдауы туралы жеткізді. Ол Қазақстанды адам құқығын қорғау бөлімі бойынша халықаралық нормаларды орындауға шықырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
“Қазақстанның 9-маусым президент сайлауынан кейін болған наразылық акциялары кезінде бейбіт митингтерге, белсенділерге, журналисттерге қимылдары терең ойды шақырады. Бейбіт жиналыстар мен ашық ойды білдіру - табысты және белсенді қоғамның негізі болып табылады. Кез келген шектеулер тұрақтылық пен әлеуметтік бірлікті жояды”, - деді Орталық Азия бойынша БҰҰ адам құқығы басқармасы басшысы Ришард Коменда.
БҰҰ басқармасында ескергендей, 9 және 10 маусым күндері тәуелсіз дереккөздер хабары бойынша “Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында мың бейбіт шеруші, журналисттер қамауға алынды”. Сонымен қатар, ІІМ “заңсыз митингке” қатысқан 550 адамға әкімшілік жаза қолданғаны туралы хабарлады.
“Бұл Қазақстанның адам құқығы бойынша халықаралық заңға қарама-қайшы. Мен Қазақстанды өзінің заңды қызметін орындап, бейбіт жиналыстар, ашық ойы білдіру және саяси өмірдегі құқықтарын қорғауға шақырамын,” - Коменда.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір