• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:16:22
Алматы
+12°

11 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Тоқаев зейнеткерлікке шыққанда "Бұл қалай болды?" атты кітап жазбақшы

Баспасөз конференциясына 66, соның ішінде 22 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының атынан 107 тілші қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындылары бойынша отандық және шетелдік журналистер үшін баспасөз конференциясын өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап. 

Өткен президент сайлауына, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа 30-ға жуық сұрақ қойылды. Соның ішінде, Мемлекет басшысы жеке мәселелерге байланысты бірқатар сауалға жауап берді.

Сайт

"Сізді саясатқа арналған көлемді кітаптардың авторы ретінде танимыз, қазіргі уақытта кітап жазу жоспарыңызда бар ма?", - деп сұраған журналистердің сауалына жауап берді. 

"Мен біраз кітап жаздым. Ол еңбектерім Қазақстан аумағында емес, шетелдерде де танымал болды. Өзім қарапайым қаламды қолыма алып жазғанды жақсы көремін. Бала кезімде журналист болғым келді. Бірақ болмадым. Есесіне дипломат атандым", - деді Тоқаев. 
 
"Алдағы жоспарларыма келетін болсақ, көріп тұрғандарыңыздай менің қазір шығармашылықпен айналысатын уақытым жоқ. Алайда зейнетке шыққан кезде, міндетті түрде "Бұл қалай болды" немесе "Өткен мен болашақтың арасы" атты кітап жазуды қолға аламын", - деп Президент алдағы жоспарымен бөлісті.
 
Оқи отырыңыз: 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір