10 Маусым, 2019 Барлық аймақтар
Ринат Зайытов: Құрбан болдым, мен де алдандым, бірақ... (видео)
Ринат Зайытов сайлаудан кейін мәлімдеме жасады
Ринат Зайытов сайлаудан кейін мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Қадірменді ағайындар! Артық сылтауды айтудың еш реті жоқ шығар. Мен бұл сайлауды заңсыз деп танимын. Себебі бір емес, ондаған заң бұзушылықтармен жеке өзім таныс болдым. Ал Әміржан Қосанов пен Дос Көшімге мен де құрбан болдым, мен де алдандым. Бірақ мен ешкімді алдамадым. Сенгенім үшін айыптасаңыздар, өздеріңіздің еншілеріңізде. Бірақ есігімнің алдында мені аңдып жүрген тыңшыларға қарамастан, менің айтатын жалғыз нәрсем бар. Ер азамат ешқашан екі сөйлемейді. Мен халық қайда болса, сол жерде боламын деп уәде бердім. Демек мен сіздердің қастарыңыздамын. Ал жазғырам десеңіздер, өздеріңіз біліңіздер", - дейді Ринат Зайытов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір