• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:17:05
+12°

09 Маусым, 2019 NEWS

«Аманат» азаматтық платформасы сайлауға қатысты алғашқы есебін жариялады

Естеріңізге сала кетсек, жаңадан құрылған "Аманат" азаматтық платформасы бүгінгі сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізген. Түрлі қоғамдық ұйым өкілдерінен құралған топ саяси науқанға барынша белсенді қатысып жатыр.

Сайлауға қатысты бүгін сағат 11:00-ге дейін 14 бұзушылық тіркелді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Олар негізінен болмашы сипаттағы техникалық және ұйымдастырушылық жағынан кеткен кемшіліктер. Бұл туралы әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде "Аманат" азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов мәлім етті. 

Бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның барлық аумағындағы сайлау учаскелері "Аманат" азаматтық платформасының тәуесіз байқаушыларымен қамтылды. Қазіргі уақытта 10 мыңға жуық байқаушы мен 400-ден астам мобильді капитандар барлық облыстарда байқау шараларына қатысуда. "Аманат" тарапынан байқау шаралары уақтылы басталды.

"Жалпы, сағат 11:00-ге дейін 14 бұзушылық тіркелді. Сәйкесінше, олар бойынша актілер құрылды, бұлар күрделі емес, болмашы сипаттағы бұзушылықтар. Яғни, олар техникалық-ұйымдастырушылық сипаттағы кемшіліктер. Сонымен қатар 50-ге тарта ауызша ескерту жасалды және олар бойынша сайлау комиссиялары шұғыл шешім қабылдады", - деді "Аманат" азаматтық платформасының өкілі Мұрат Әбенов.

Осы орайда ол тұғырманама тарапынан байқаушылық қызметті атқарып жүрген әріптестерін Қазақстанның заңдары талаптарын қатаң ұстануға шақырды. М. Әбенов "Аманат"  сайлауды барынша ашық өткізуге үлес қосатынын айта келе, "біздің байқаушылар бейтарап ұстанымда болады. Біз арнайы кодекс әзірледік. Онда біз мақсатымызды айқындап, бұзушылықтар анықталған кезде қандай іс-қимылдар жасау керектігін көрсеттік", - деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір