• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:57:20
Алматы
+12°

08 Маусым, 2019 Саясат

Бүгін Қазақстанда тыныштық күні

Кезектен тыс президент сайлауы ертең, 9 маусымда өтеді

Бүгін Қазақстанда президент сайлауы алдындағы тыныштық күні жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Тыныштық күні заң бойынша сайлауалды үгітке тыйым салынған. Кез келген үгіт жұмысы заңсыз саналады.

Сондай-ақ, тыныштық күні және сайлау күні қазақстандықтарға кандидаттың атын айтпай, жалпы сайлауға қатысуға үндеу жариялауға болады. Кімге дауыс беретінін айтпай, сайлауға баратынын да хабарлай алады.

Немесе кімге дауыс бергенін айтпай, сол күні сайлауға қатысқанын мәлімдеуге болады.

Қазақстандықтар ертең, 9 маусым күні таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қалаған кандидатына дауыс бере алады. Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970 (48 учаске 06:00-де ашылады).

Осы жолы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/politics/20190608/10426709/Qazaqstan-8-mausym-tynyshtyq-kuni.html

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір