07 Маусым, 2019 NEWS
Петропавлда шапалақпен ұрудан турнир өтеді
Көңіл көтерудің мұндай әдісін екі жас жігіт – Әділхан Шуканов пен Сергей Швец ойлап тауыпты.
Петропавлда тұңғыш рет шапалақ ұрудан турнир өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.
Бірін-бірі танымайтын адамдар 8 маусым күні №26 мектептің жанына жиналып, шапалақтасудан жарысады.
Жарыс өткізудің нақты ережелерін енгіздік, әлеуметтік желілерде топтар құрдық. Бәрі сәтті шықса, турнир өтеді. Көңіл көтеруге де, табыс табуға да мүмкіндік, – дейді Әділхан Шуканов.
"Біріншіден, қатысушылардың жасы 18-ге толған болуы тиіс, екіншіден, ешкім ауыр жарақат алып қалмауы үшін шапалақ-соққы толық алақанмен емес, саусақ ұштарымен жасалады. Жекпе-жек бес раундтан тұрады, қатысушылардың бірі жеңілісін мойындамаса, жеңімпазды бес раундтан кейін төрешілер анықтайды", - деп түсіндірді Сергей Швец.
Ұйымдастыршулардың айтуынша, турнирде медициналық қызметкер болады. Алайда өзге елдердің мұндай турнир өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шапалақтан ауыр жарақат бола қоймайды.
Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір