06 Маусым, 2019 Саясат
Тоқаев жастарды билікке шақырып жатыр
ҚР президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады
ҚР президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші деп атады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
“Мемлекетті басқару жүйесіне жас мамандарды, соның ішінде азаматтық сектордан тарту менің міндетім болады. 300 адамнан тұратын алғашқы кадрлық резервтің тізімі жыл соңына дейін дайындалады. Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші”, - деді Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.
Бұған дейін президент айтқандай, Қазақстанда президенттік кадрлық резерв қалыптастырады. Тоқаевтың мәлімдеуінше, елде талантты жастарға экономикада, ғылымда, мәдениетте және спортта бар жағдай жасалады.
Дайындаған: Ильдар Адильченов
Оқи отырыңыз: Тоқаевтың тұңғышы туралы не білеміз?
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір