31 Мамыр, 2019 Саясат
Тоқаевтың тұңғышы туралы не білеміз?
Тимур Тоқаев 1984 жылы Мәскеуде туған. Швейцариядағы "Колледж дю Леман" және Вебстер университеттерінде білім алды
Тимур Тоқаев 1984 жылы Мәскеуде туған. Швейцариядағы "Колледж дю Леман" және Вебстер университетінде білім алды. Саяси ғылымдар кандидаты. Женевада бағасы 6500 швейцар франк тұратын өзінің жеке пәтері бар.
Өткен жылдың күзінде Ресей өңірлерінің шенеуніктері мен депутаттарының заңға қайшы әрекетін зерттеген волентерлік антикоррупциялық “Путеводитель по Женеве” жобасы шықты.
Жоба аясындағы тексерісте Chemin Gilbert-Trolliet 3 мекен-жайы бойынша Тимур Тоқаевтың тұратындығы анықталды. Тексеріс барысында Қазақстан президентінің ұлы тұратын пәтер құны нақтыланбады. Бірақ тексеруші тарап мұнымен тоқтамай, Тимурдың көршілерінің пәтер бағасын анықтаған.
Сәулетті әрі үлкен үйдегі жалға берілген пәтерлердің құны белгілі болған. 223 шаршыметр, 6 бөлмесі бар пәтерге 6500 швейцар франкын төлеу керек. Пәтерді сілтеме бойынша көре аласыз.
Қазіргі таңда, мұндай пәтер құны – 2,3 миллион франк тұрады. Тимур Тоқаевтың көршілерінің ішінде Семен Винокуров деген кісі тіркелген. Ол – 2000 - жылдардың басында өз кәсібін дөңгелентіп алған азамат. Винокуров 1991 жылы Иосиф Кабзон мен Шабтай Калманович негізін қалаған “Лиат-Натали” компаниясында жұмыс істеді. Бұл компания бірнеше рет үлкен коррупциялық дауларға байланысты ФБР -дің көзіне түскен. Ал Калыманывичті 2009 жылы Мәскеуде өлтіріп кетті. Винокуровтың баласы Александр Ресейдің СІМ басшысы Лавровтың қызы Екатеринаға үйленген.
Тимур Тоқаевтың өзі Швейцарияда оқып, Женавадағы пәтерінде тұрады. Бірақ көптеген инсайдерлердің айтуынша, ол қазіргі тағда Мәскеуге қоныстанып, кәсіпкерлікпен айналысып жүр.
2002 жылы кәмелеттік жасқа толған Тимур өзінің туысқаны Мұхаммед Ізбастинмен бірге “Аби Петролиум Кэпитал” мұнай компаниясының негізін қалады. Компания лицензия алғаннан кейін оларға Алматыда орналасқан СІМ ескі ғимараты берілді. Олар Атырау облысындағы “Грядовое” мұнай кен орнын өздеріне қаратқан. 2012 жылғы есебінде аталған кәсіптен 3,2 миллиард доллар табыс тапқаны туралы мәлімет бар.
Жалғыз мұнай емес, Тимур Тоқаев – “ҚазАгроФинанс” атты компанияның қожайыны. Ол Қазақстанның ауылшаруашылық лизинг қызметі бойынша 68 пайыз үлесіне иелік етеді.
Қазіргі таңда, Тоқаев президент қызметін атқарып жүргендіктен, оның жасырын кәсіпкерлігі туралы қызығушылық артатыны сөзсіз. Адал қызмет жасап, елдің мүддесіне жұмыс істейтін азамат болсын дейміз, президент ұлын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір