• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Қараша, 05:41:35
Алматы
+12°

04 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Ақсу әкімінің Instagram парақшасын әскери қызметші қолданған

Әскери қызметші оқырмандарды көп жинау үшін әлеуметтік желіде Ақсу қаласы әкімінің атын иеленіп, парақша ашқан

Әскери қызметші оқырмандарды көп жинау үшін әлеуметтік желіде Ақсу қаласы әкімінің атынан отырған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әртүрлі фотосуреттер мен жарияланымдар үнемі пайда болатын @braevbalgabay жалған аккаунты Instagram-да 2019 жылғы 15 ақпанда тіркелген. Оның бұл әрекетін әшкерелеп, дәлелді іздеу жұмысы бір аптаға созылған.

29 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6679 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың атынан Instagram парақшасын ашқаны анықталған.

Павлодар облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілетті Юрий Фельдманның айтуынша, әскери қызметші Instagram желісіндегі Аксу әкімінің атынан парақшасын өз бетімен және ұялы телефонынан ашқанын көрсеткен. Оны осылай жасау туралы үшінші тараптардың бірде-біреуі - жұбайы, туыстары, таныстары, әріптестері және т.б. сұрамаған.

"Ақсу қаласының әкімі атынан ашылған Instagram парақшасы 4-5 аптаның ішінде 900-ге жуық адамды жинап үлгерген. Ол қала әкімінің атынан ашу себебін Ақсудан көбірек оқырман жинағысы келгенін айтып түсіндірді. Содан кейін парақшасын өзінің есімімен қайта атауды жоспарлаған. Осылайша өз аккаунты арқылы танымалдыққа ие болғысы келген," - деді Фельдман.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен рұқсат етілген ресми тәртіп пен моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісіне қатысты  қызметтік тергеу жүргізіліп, оған сөгіс жарияланды.

Қазіргі таңда, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы  негізінде теріс себептер бойынша оны жұмыстан босату қарастырылуда.

“Бүгінгі күні Ұлттық гвардияның қатарында болуы туралы мәселе әскери қызметші сырқаттануына байланысты ауруханадан шыққаннан кейін шешіледі”, - деді Юрий Фельдман.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Павлодар Ақсу Instagram

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір