03 Маусым, 2019 NEWS
Тоқаев лаңкестердің қолынан қаза тапқан батырдың отбасымен кездесті
Н.Назарбаевтың Жарлығымен Таразда 2011 жылы 12 қарашада лаңкестердің қолынан қаза тапқан Ғазиз Байтасовқа ерлігі мен батылдығы үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына сапары барысында батырдың отбасы тұрып жатқан шаңырағына барды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында батырдың отбасы тұрып жатқан үйге барды. Қазақстан Президентіне қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасовтың құрметіне қойылған ескерткіш тақта, оның фотосуреттері, медальдары мен жеке заттары көрсетілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманының жұбайымен және ұлдарымен әңгімелесу барысында Ғазиз Байтасовтың өте жауапты әрі қиын сәтте өз ісіне адал болғанын, оның ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын ерекше мадақтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір