• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:42:47
Алматы
+12°

20 Наурыз, 2015 NEWS

(Інілік ілтипат)

Ақын, тарихшы –

Жанат Боқашұлы

Қазақ елінің әдебиет пен рухани ортасына онша таныс есім емес. Қиян шеттегі ақынның өлеңдерін өткен бір жылы атажұртқа аманат арқалап әкелген едік. Жанат Боқашұлы жайында бірер сөз шығындасақ. Жанат шынымен энтографиялық поэзияның ақыны(Субъективті пікірім). Жанатта жасандылық жоқ. Өлең санасында қалай піссе, солай түсіреді. Өлеңді әдемі сөзбен «киіндіріп» оны  әрлеу, жөндеу -  Жанатқа жат әдет. Нағыз «натуралный» ақын десек асылық бола қоймас. Бірақ бұл эстетикалық талғамы төмен дегенді білдірмейді. Қазір қарасаңыз, кейінгі бір топ жас буында «жылау» мен «күшену» басым.... Жанатта «Шалшықтан теңіз іздеу» жоқ. Ол төл ырғақпен қоңыр да қарапайым қазақтың хәлін суреттейтін ақын. Өткен айда Қамшы.кз порталына Қазақ хандығының  550 жылдық мерейтойға орай ұйымдастырған жыр бәйгесіне Жанат ақының өлеңдер топтамасы түсіпті. Сол топтамада «Санадағы сыр» деген өлеңіне көңілім толып, бір риза болдым. (Оқырман ретінде). Бір ғұламаның сөзі бар: «Адамзаттың тарихы – адам санасында сақталған...» дейтін. Сол айтқандай «Санадағы сырдың»  сыры тереңде ме деп үміттендім. Сіз үшін «Санадағы сыр» өткен күннің бір елесі секілді елеусіз ғана өлең болуы да мүмкін. Әрине «талғамда талас жоқ» (Әмірхан Балқыбек). Әр оқырман өз қызыққан өлеңін оқиды ғой. Алайда, мен үшін осы өлеңінде адамзаттың тарихы болмаса да, бабақазақтың басып өткен жол сорабы сайрап жатқан секілді сезіледі. Жазарыңыз мол болсын Жанат ақын! Төменде «

Біздің жақтың наурызы»

атты өлеңдер топтамасын жырсүйер қауымның назарына ұсындық!

Құрметпен: Бақытбек Қадырұлы   Біздің жақтың наурызы  

Күткен күн бәрі күттіруменен келді ақыр, Маңырап мәз боп, өзінше болып төл жатыр. Күркеден шығып, күн көкем жылы қарады, Күлімдеп аумақ шуаққа аунап жер жатыр.   Жылы бір әуен  жылы бір леп білініп, Теріскей беттен көлеңке кетті түріліп. Бағзыдан қалған баяғы дауыс шыққандай, Бақилық болған бабамның рухы тіріліп.   Нақыштап сөйлеп, жазбастан бәзбір мақамын, Жүйткітіп ойдан түрлерін нелер батаның. Ең төрден алып, ежелден қалған еншісін, Баптанар атам бір сипап қойып сақалын.   «Шықтық» - деп аман, «өтті» - деп биыл жұт тағы, Жайланып апам қоюлау шайын ұрттады. Ашыққа шыққан қыстайғы тыққан, «Сары майы мен кебежедегі қатқан қара құрттары».   Сейілгендейін қабағындағы қаһары, Жібігендейін бойдағы бар «қаталы». Жаңа боп түрі, жаңаланып кеткен бе, Желбегей киген әкемнің «қара шапаны».   Абыр да сабыр мәре де сәре әр жерде, Көксеген асы ішіліп «қара көже»-де. Күбірлеп іштен Алласын алып ауызына, Аластап отқа қазанын қойды әжем де.   Жомарттық пейіл ашқандай бүгін құлыбын, Қалдырмай түгін қап түбіндегі «бірінің». Өреден жазда өрмелеп кейде ұрлаған, Таныдым түсін анамның ірімшігінің.   Мән де бір бермей қандайлығына сұрқының, Ағызып айтып аңыз ғып айтып былтырын. Майларына мәз болып, ағам отыр ма, Бүлкілдеп іші «Миығынан күліп мұртының»?!   Ертегідей көріп, өткенін сезбей күнінің, Жел қағып жиі желкесіндегі тұлымын. Қуанды ғажап жүгіріп жүрген жүгірмек, Төңірекке таң қап бір тартып қойып мұрынын.   Ұлыспен бірге төбесі көкке жеткендей, Шапағы күннің Рухына нұрын төккендей. Ақ көңіл келген аңғалдау біздің бұл елге, Мың күннің зілін ұмыттырып бұл күн кеткендей.  

Асау мен Қамшы

Керуен күндер өткенмен, Жас дәурен қалай ұмытылар. Ой жіберіп едім «көп белге», Келеді «бір топ жылқылар». Бозбала едік сол жылы, Әкеге жүрген еркелеп. Желігіменен жылқының, Жүгіріп бардық ентелеп. Үйірді тасқа иірген, Деп едік «қай атты ұстамақ». Тағы боп өскен үйірден, Бестіні қапты ұстап ап. Ағалар болды сынамақ, Жігітсің мінсең егер - деп. Құлақтан басып құлақтап, Кімің бар мінер – дегенде. Жүректен сонда тайды үміт, Бата алмай батыл ұлдар да. Жүрексініп көбі қаймығып, Таяи да алмай тұрғанда. Қорқуды бойға мін көрдім, Намысты өршіл шақырып. Шыңғыртып асау мінгенмін, Орнығып ерге отырып. Өр еңіс демей жөңкіді, Бітірер емес ойынын. Әлінше бесті мөңкіді, Ішіне алып мойынын. Салбырап басы төмендеп, Бір кезде ол да алқынды. Шықшыттан жасқап көрем - деп, Түсіріп алдым қамшымды. Сәт түссе ылғи барам мен, Сол жерге сүйрер күндерім. Қой қоңыр сол бір заман мен ...... Қамшымды іздеп жүргенім .......   *** Айта алмаймын Түсім бе деп, өңім деп Жемір жылдар тастағандай жебірлеп. Күнгей ауып қырат асып арайым, күнгірт тартты күлімдемей төңірек. Құла дала құла манғаз, құла күн, Құла күнді ұстай алмай құладын. Сарсаң тартып Сарп еткендей санам да, Сарсаң үміт Сарпаңға сап сұрағын. Күбір-күбір үні алыстап дұғаның, Қайран абыз қасиеттім дуалым. Құлан күнге Құла атты атам ілесіп, Көре алмадым пеш алдынан құманын.

 
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір