• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 23:29:14
Алматы
+12°

18 Наурыз, 2015 NEWS

Қазақстандықтардың "Ұлы Отаны" Совет одағы емес - Қазақ елі(сауалнама қортындысы)

18 наурыз. Qamshy.kz - Екі айдан соң "Жеңіс күні" мерекесі.  Осыған орай біз порталымызда "Сіздің Ұлы Отаныңыз қайсы?" атты сауалнама жүргізген болатынбыз....

18 наурыз. Qamshy.kz - Екі айдан соң "Жеңіс күні" мерекесі.  Осыған орай біз порталымызда "Сіздің Ұлы Отаныңыз қайсы?" атты сауалнама жүргізген болатынбыз. Сауалнама бір ай бойы жалғасып, оған 1000-ға жуық адам қатысты. Дауыс берушілердің 96 пайызы, яғни, 1000 адам Ұлы Отаным "Қазақстан Республикасы(Қазақ елі)" деп жауап берсе, сауалнаманың "Тойған жерім" деген нұсқасы 20 адамның дауысымен 2 пайызды құраған. Ал сауалнамаға қатысушылардың 1 пайызы (13 адам) "Қазақ совет социалистік республикасы" деген нұсқаны таңдаса, 8 адам "Еуразиялық экономикалық одақты" таңдаған.

saualnama Cауалнамаға бір компютер арқылы(IP мекен-жайы) тек бір ғана адам дауыс бере алады. Осыған дейін қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында "Ұлы Отан" атауына қатысты ұлт зиялылары, қаламгерлер мен қоғам қайраткерлері арасында түрлі талас-тартыс өрбіген болатын. Жеңіс күні қарсаңында "Қамшы" порталы жүргізген сауалнама қорытындысы көрсеткендей қазақстандықтардың 96 пайызы өздерінің Ұлы Отандарын Тәуелсіз Қазақастан Республикасы деп таныған. Сауалнамаға қатысып, дауыс берген 1000 адамның үні бір жерден шыққанының өзі тәуелсіз ұрпақтың санасы келмеске кеткен "Совет одағын" қабылдамайтынын көрсетеді. Ендеше, кешегі қылышынан қан тамған қызыл империя құрсауындағы қазақтың қанын суша ағызған Сталинның ауызынан шыққан бұл сөзді(Ұлы Отан) Алаш баласы неге сонша Құдай сөзіндей көреді? ІІ Дүниежүзілік соғыс әлем халқын қамтығанын, сол соғыста құрамында Қазақстан бар Кеңес одағының жеңіске жеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағының өз «Ұлы отаны» бар емес пе?! Ол - Қазақ елі. Әлде есімізді екеу, түсімізді төртеу қылған құлдықтың қамытын әлі күнге шешкіміз келмей ме? Естеріңізде болса, ІІ дүниежүзілік соғыстың 60 жылдығы қарсаңында Ресей «Тәуелсiз мемлекеттер достастығы үшiн барлығымыз бiр кiсiдей мерекенi атап өтейiк!» дегенде, Балтық елдері не деді? «Ұлы отандарыңның» жеңісін тойлай беріңдер, «біздің Ұлы отан басқа» деді де қолын бірақ сілтеген. Өлген-тірілгеніне қармай, «Отан, отан» деп жүрген сол баяғы біздің ел! Тәуелсіз Қазақстанның көк туының астында «Ұлы отан соғысы» деп ұрандауға тиіспіз бе? Сан ғасырлық тәуелсіздік күресі «Ұлы отан соғысынан» кем бе? Ұлт батыры Кенесарының басын ұстап отырған сол «Ұлы отан» емес пе? Иә, ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысқан қарттарымыз бар. Оларға пәтер берсін, көлікте тегін жүргізсін... Көненің көзіне қандай сый жасасада ешкімнің қарсылығы жоқ. Ол үшін «Ұлы отан» деп ұрпақты адастырудың қажеті қанша?

Нұрзат Тоғжан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір