• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:23:38
Алматы
+7°

14 Ақпан, 2013 NEWS

Ресей: Байқоңыр бірінші бізге, одан кейін Қазақстанға керек

Осыдан  біраз  уақыт  бұрын  Қазақстан мен Ресей  басшыларының   Кремльдегі  кездесуінде  екі  ел Байқоңырға  қатысты  бір шешімге  келгендігі туралы...

Осыдан  біраз  уақыт  бұрын  Қазақстан мен Ресей  басшыларының   Кремльдегі  кездесуінде  екі  ел Байқоңырға  қатысты  бір шешімге  келгендігі туралы  сайтымызда жазған  болатынбыз. Ал енді  ресейлік  интернет-сайттар  сол  шешімнің  кімнің  пайдасына  шешіліп,  қай елдің  үддесінен  шыққанын   мәлімдеуде.  Олардың  жазуынша, екі  ел  «Байқоңыр»  ғарыш  айлағын  пайдалану барысында   бұрынғыдан  өзгеше  байланысқа   көшетін  болады.  Бұл  байланыстың  өзегі -  Ресейдің  «Байқоңырдан»  шығуы  сатылап  жүргізілетін  болады,  екіншіден,   «Протондардың» саны  қысқарту  мәселесі  қайта  қаралады,  үшіншіден,  «Протонмен»  қоса  «Зенит»  зымыран-тасығыштары  ұшырылатын  болады.  Жаңа  шешім  осындай.  Ресейлік  «Роскосмос»  ғарыш агенттігінің  жетекшісі  С.Савельевтің  айтуынша,   «Байқоңырды»  Ресейдің ықпалынан шығару  сатылап  өткізіледі  және  жалға  беру  уақыты біткенше   айлақты  екі ел бірге,  келісе  отырып  пайдаланатын  болады. «Бірақ,  космодромнан  сатылап  шығады деу   «Байқоңырдан»  Ресей  бас  тартты  дегенді  білдірмесе керек.  Мұнда   болашақта   Ресейдің  өз  объектілерін космодромнан  алып  шығу  мәселелері  туралы  сөз болуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,   қазақстандық  мамандарды  оқыту  шаралары  бірге  жүретін   болады.  Алайда  Қазақстан  «Протон»  ракеталарын  ұшыруға  бізге  қарсы  бола алмайды.   Себебі,  «Протон»  зымырандары  Ресейдің  жаһандық  ғарышты  игеруде   көшбасшы  позициясына  иелік  етуіне ықпал етіп  отырған  бірден-бір   зымыран.  Сондықтан,  «Протон»   зымырандарының  жалпы санын  белгілейтін  құжатты  Қазақстан  тарапы қайта  бағамдауды,   биліктен алдыңғы  жылдың  28  желтоқсанда  қабылданған  шешімін   қайта  қарауын   өтініп  отырмыз.  Себебі,  Қазақстан   «Протон»  ұшыруды  17-ден    12-ге  қысқартқан болатын, ал  бұл   біздің  талабымыздан төмен,- дейді  ресми Мәскеу. Жаңа  шешімге  сәйкес,  Байқоңырда «Зенит» зымыран-тасығыштарын ұшыру  туралы  бастама  көтерілген. Қазақстан  тарапы бұл  бастамаға  оң  қабақ  танытыпты.  Себебі,  «Зенит»  зымырандарын   ұшыру   еліміздегі   ғарышты  игеру  турасындағы  «Бәйтерек»  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  ықпал ететін  көрінеді.   Мұндай  бастамалар  Қазақстанның  ғарыштық  державаға  айналатынының  алғышарты-мыс.  Савельевтің  айтуынша,  наурыз  айының  басында   Қазақстандағы «Байқоңыр»  ғарыш айлағы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның  отырысы  өтеді.  Міне,   космодромды  әрі  қарай  пайдалану  мәселесі  сонда  талқыланбақ.   Бұл келіссөздердің  соңы  екі ел  арасындағы  Байқоңырды  пайдалану туралы  жаңа  үкіметаралық   келісім  қабылдаумен  тынбақ.  Мұндай  құжаттың  түпкі   мақсаты  2050 жылға  дейін  қабылданған  жалға  беру  туралы  келісім-шарттың   орнына  жаңасын  қабылдау.  Егер алдыңғы  жылы Ресейдің  елімізден  500 миллион долларлық өтемақы талап ететіндігін   және  зымыранды  қысқартуға  байланысты  жалдау  құнын  төмендетуді  сұрағанын   ескерсек,  наурызда  қабылданатын  жаңа  келісім-шарт  нақ  осы  жалға  беру  құнына  қатысты  болуы  мүмкін. «Айлақты  пайдаланудағы  ынтымақтастықты   дамыту – «Роскосмостың»  ең  маңызды  мақсаты,- дейді ресейлік ГЛОНАСС  серіктестігінің сарапшысы Андрей  Ионин. – Ғарыш  агенттігінде  мұндай мәселелер  үнемі  қаралуы тиіс.  Және  бастаманың  бәрі  біздің  тарапымыздан  болуы  тиіс.  Өйткені  ғарыш бірінші  бізге  керек,  ал  Қазақстан  екінші  кезекте.  Сол кезде  ғана  мәселенің  барлығы  дұрыс  шешілетін  болады, -  деп    мәлімдеді.   Сонда       -ақ,  Роскосмостың  Ресейдің  Қазақстандағы  елшілігінде  тұрақты   өкілі  жұмыс істеуі  тиіс  дейді.

Ресейлік  мамандардың  осындай  зілді  сөздерінен  кейін,   Байқоңырдың тағдыры   дәл  қазіргі кезеңде  Ресейдің  қолында  екенін  мойындамасқа  шара  жоқ. Екі ел  арасында  айлаққа  қатысты  шешімнің  бәрі  тек  Мәскеудің  пайдасына  шешіліп  жатыр.  Алайда,  баз кешкен  Байқоңырдың болашағына    бүгінгі  қазақ  неге  сонша  бейқам? 

Мәліметтер www.dni.ru сайтынан

Жания  Әбдібек 

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір