• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:50:28
Алматы
+12°

17 Ақпан, 2015 NEWS

Референдум өткізу кезектен тыс сайлаудан әлде қайда тиімді

"Қамшы" - еркін ақпарат алаңы. Ой ортақтасып, пікір жарыстыру - оқырманның еншісінде. Хат қоржынымызға Әлібек Ыдырыс есімді автордың "Референдум өткізу сайлау...

"Қамшы" - еркін ақпарат алаңы. Ой ортақтасып, пікір жарыстыру - оқырманның еншісінде. Хат қоржынымызға Әлібек Ыдырыс есімді автордың "Референдум өткізу сайлау өткізуден әлдеқайда тиімді" атты мақаласы келіп түсті.  Осы жазбаға байланысты өзгеше ой, басқаша уәж айтам деген кез келген авторға мінберіміз дайын. 

qamshy.kz

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшелері Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы бастама көтерді. Ассамбеля кеңес мүшелері бұндай байламға келуінің басты себептерін «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын және «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді біріктіру деп түсіндірді. Сондай-ақ, Президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсімін нығайтуға, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз етуге болатын көрінеді.  Тағы бір себеп - 2016 жылы президенттік және парламенттік сайлаулар бір мезгілге сәйкес келеді. Конституция нормаларын бұлжытпай орындау мақсатында екі сайлауды әртүрлі кезеңдерде өткізген жөн.

Бұл бастаманы қызу талқылаған әлеуметтік желілер мен баспасөз беттеріндегі пікірлерге сүйенсек, кезектен тыс сайлаудың қортындысы белгілі болып тұр. Яғни қазіргі «Ұлты көшбасшысының» маңайына топтасу. Мұны қарапайым жұрт қана емес белгілі қоғам қайраткерлері де айтып отыр. Яғни осы Президент сайлауының да жеңімпазы Нұрсұлтан Назарбаев болары сөзсіз. Халқымызда  «өткелде ат ауыстырма» деген тәмсіл бар. Бұл қазіргідей әлемді экономикалық және саяси дағдарыс қысып тұрған қысылтаяң сәтке қаратылып айтылған сөз.

Өткенде Президент елде қатаң үнемдеу режиміне көшу қажет деп мәлімдеді. Яғни 2015 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыс бөлігі 700 миллиард теңгеге немесе жалпы шығыстың 10 пайыз көлемінде азаютуды, сонымен бірге бюджеттің әрбір тиынына дейін есептеу керектігін атап көрсеткен болатын. Сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек, 2011 жылғы кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуге Үкімет қорынан 4,7 млрд. теңге бөлінген. Бұл  2005 жылғы сайлауға жұмсалған қа­ражаттан 1 млрд. 697 млн. теңгеге артық. Ал содан бергі инфляцияны және теңгенің құнсыздануын ескерсек, бұл реткі кезектен тыс сайлаудың оданда көп соманы талап ететіні анық. Екіншіден, жұрттың бәрі сайлау науқанына кірісіп кетсе, жер-жерде жиналыстар көбейіп жұмыстың жайына қалары да шындық. Ал ондай «алашапқын» Елбасының өзі жұмыла жүк көтеруді үндеп отырғанда уақыт пен өнімділікті сырап ету болып саналады.

Сондықтан барлық Қазақстан халқы Елбасына сенетіні және кезектен тыс сайлаудың жеңімпазы «Ұлт көшбасшымыз» екендігі белгілі болып тұрғанда Елбасы құзіреттілгін 2020 жылға дейін ұзартуға референдум өткізу кезектен тыс сайлау өткізуге қарағанда уақыт пен қаржыдан ұтатын тиімді жол. Сондықтан бастамашыл топ құрып референдум өткізуді қолдауымыз керек.

alibek

ӘЛІБЕК Ыдырыс

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір