• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 22:00:24
Алматы
+12°

12 Ақпан, 2015 NEWS

Қытайда өлім жазасына кесілген миллиардер кім?

Жуырда қытайлық миллиардер өлім жазасына кесілді деген ақпарат барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кең тарады. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрады деген...

Жуырда қытайлық миллиардер өлім жазасына кесілді деген ақпарат барлық БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кең тарады. Ұйымдасқан қылмыстық топ құрады деген айыппен өлім жазасына кесілген қытайлық мульти миллиардер Лю Хан деген кім?

9 ақпанда белгілі болғандай 48 жастағы қытайлық мульти миллиардер Лю Хан өзінің қызмет жолында әлемдегі ең ірі кең өндіру орны саналатын "Хань Луньді" басқарған болатын. Сондай-ақ, Қытайдағы ең бай 100 адамның қатарында кірген Лю мемлекеттің Қылмыстық кодексінің 13 бірдей бабы бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, бандитизм, кісі өлтіру ісі, заңсыз қару-жарақ саудасы т.б. айыпталып, кейіннен өлім жазасына кесілген.

Лю Ханның өмірін "Бригада" сериалының қытайлық нұсқасына ұқсатуға болатын секілді. Небәрі 26 жастағы Сычуаньдық Лю 90 жылдары өзінің жеке кәсібін бастайды.

Ол сычуань өлкесі директорлар кеңесі төрағалығына үш мәрте сайланады. Лю туралы әйгілі "Форбс" басылымы 40 млрд юань қазынасымен "Су астына жасырынған миллионер Лю Хан" деп жазады.

Байлық пен биліктің шыңына шыққысы келетіндер көп-ақ. Бірақ, бұл үшін қажыр мен қайрат, тәуекел мен жүрек керек екенін нақ түсінген Лю 90-жылдары, ағаш және құрлыс материалдарының бағасы шарықтап тұрған қиын кезеңдерде  сауданың сәтін тауып пайдаға белшесінен батады.

Оның айналасына өзінің жақын туыстары мен достары тегіс жиналады. әйгілі "Бригаданың" оң қолы, әрі Людің басты кеңесшісі оның інісі Лю Вей еді.

Кейін миллиардер атанған Людің агрессивті бәсекелестері бірінің артынан бірі құлдырап жатты. Лю Ханның айқын потенциалына дес бермегендер оған жол беріп жатты. Ал Люге қарсылар ажал құшатын. Алайда қандай да бір себептермен бұл өлімдердің беті ашылмайтын немесе із-түссіз жоғалып кететін.

Сычуанның негізгі байлығы-көмір және минералды кен өндірістері. 1997 жылы басқа бәсекелестерін жолда қалдырған Лю Хан әйгілі "Хань Лунь" корпорациясын құрады. Сычуандағы барлық кен орындары"Хань Луньнің" иелігіне тиесілі болды.

Қарқынды дамып келе жатқан Қытай экономикасына осындай кен орындарының тигізер пайдасы ұшан теңіз еді. Осы тұста "Хань Лунь" Қытай биржасындағы, артынан әлемдік биржадағы  ірі ойыншыға айналды.

XXI ғасыр табалдырықтан аттаған тұста Людің корпарациясы тау-кен өнірісінен бөлек энергетика, құрылыс, тіпті туристік базаларғада иелік ете бастады. 2011 жылы "Хань Лунь" корпарациясы Америка, Африка және Аустралияға қаржылай көмек береді.

Лю Ханның негізгі арқасүйері ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрі болған Чжоу Юнкан(2002-2007жж) еді.

2012 жылы түрлі қылмыстық топтарды құрықтау барысында Чжоу Юнкан қызметінен босап, үстінен тергеу жүргізеді. 2014 жылы тергеу барысында Чжоудың үйінен 14,5 миллиард доллар тәркіленіп, жүздеген сыбайластарының басына қауіп төнеді. 2014 жылы Чжоу Юнканға аса ірі көлемде пара алған деген айып тағылып, үй қамаққа алынады. Юнкан жазадан жеңіл құтылғанымен, Лю Хан мен оның інісі тұтқындалады. Осылайша әйгілі "Бригада" саналып келген "Хань Лунь"корпорациясы тоқырауға ұшырайды.

_75048874_zhou_connections_624in

Лю Ханның  қылмыстық ісіне қатысы бар деген 36 адам қамалып, сотісі 2 айдан астам уақыт қаралады.

2014 жылдың мамырында өткен соттың алғашқы инстанциясында-Люхан мен оның інісін және корпорацияның үш бірдей лидерін өлім жазасына, тағы бес қызметкерді 2 жыл қамауға, артынан өлім жазасына кеседі, сонымен қатар,  екеуін өмір бақи бас бостандығынан айыруға, және 22сі түрлі мерзімді қамауға алынады.

Ол дәурені тасып тұрған тұста 2008 жылы Қытайда болған ірі жер сілкінісінен зардап шеккендерге 50 миллион көмек береді. (Қазақстан дәл сол кезде зілзаладан зардап шеккендерге 681,1 мың юан көмек көрсеткен болатын)

2008 жылы 43 жастағы Лю Хан халыққа қайырымдылық ретінде 127 миллион юань беріп, 2009 жылы 270 миллион юань беріп  Қытайдағы ең жас әрі ең көпес мейірімді жан атанады.

Лю Хан қытай тарихындағы тасы өрге домалаған, арты өлім жазасына кесілген миллиардерлердің алды емес, тіпті оныншысы да.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір