• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:59:56
Алматы
+12°

05 Ақпан, 2015 NEWS

Киев «Ұлы Отан соғысы» түсінігінен бас тартты

Тарихты жеңімпаздар жазатынын білеміз. Отарлаған елдің мұрасы мен жәдігерінің көзін жойып қана қоймай, халқын надан, әлсіз көрсететіні тағы бар. Мысалы,...

Тарихты жеңімпаздар жазатынын білеміз. Отарлаған елдің мұрасы мен жәдігерінің көзін жойып қана қоймай, халқын надан, әлсіз көрсететіні тағы бар. Мысалы, Криттегі Миной мәдениетін құлдыратқан гректер бұл басқыншылығын Тесей аңызымен байланыстырды. Ерлігі танылған аралда жас қыздарды жейтін құбыжық – бұқа мекендепті-мыс. Естеріңізде бар шығар, ол құбыжықтың «ауруын» Посейдонның жазасы деп түсіндіріп те қойған. Кейбір ғұламалар Киото хаттамасы арқылы дамыған елдер өз технологиясы мен тауарын онсыз да бай емес Азия, Африка, Латын Америка елдеріне сатуды көздеген деп есептейді. Әрине, экологиялық проблемаларды жоққа шығаруға болмайды (табиғат – екінші анамыз). Бірақ, мысалы, жаһандық жылу соншалықты қауіпті ме? Американдық Джордж Карленнің осы жайлы лекцияларын тыңдағанда, ойланып қалатынын тағы бар...

Жағдай осылай. Не дегенмен, соңғы кезде тарихтың жазылып қана емес, «сызылып» жүргенін де байқадық.

Оның бір көрінісі, өздеріңіз білетін Киевтің «Ұлы Отан соғысы» түсінігінен бас тартуы болды. Себеп – бұл термин Еуропа елдерінде қолданылмайды екен. Соңғы жағдайларға байланысты бұл шешім бір жағынан дұрыс та... Бірақ, екінші жағынан үлкен мерекенің 70 жылдығы қарсаңында, тікелей өз жерінде орын алған шайқастарға бабалар көзімен емес, Еуропа көзімен қарау бұрыс та сияқты... Не дегенмен, шешім шықты, ендігі оқушылар тарих кітабынан «Ұлы Отан Соғысын» көрмейтін болды.

Мектеп оқулықтарынан сызылған атау бұл ғана емес. Ресей билігі де тарих беттеріне өзгеріс енгізді. Биылдан бастап шығатын оқулықтарға ендігәрі «черносотенцы» (қара жүздік) ұғымы енді мүлдем жазылмайды. «Қара жүздік» атауының өзі орта ғасырдағы Ресей үшін тарихи маңызы зор болса да, сол атауды иемденіп, 1905-1907 жж қарқынды қызмет еткен ұйым енді өз маңызын мәңгілікке жоғалтты. Айта кету керек, саны кей деректе 400 мың, кей деректе 500 мыңға (ресми емес деректерде 1 млн-нан аса) баратын одақтың біз үшін айтарлықтай пайдасы жоқ. Себебі, олардың позициясы шовинистік, антисеминистік бағытта болды. Ресей үшін істеген пайда-зияны да дұрыс анықталмаған. Бір тарихшылар қара жүздікті даттаса, біреулері мақтайды (ол туралы интернеттен көп ақпараттар табуыңызға болады). Алайда, мәселе онда емес. Істің гәбі одақтың мақсат-мүддесінде болып тұр. Олардың XX ғ. басында орын алған көтерілістердің алғышартында-ақ оппозициялық бағытты ұстанып, державия мен патша мүддесін сақтауға бағытталғаны. Патша үкіметінің жақтастары есебінде бірнеше газеттер шығарып, үгіттеу жүргізгені де белгілі. Кей тарихшылар қара жүздіктердің адам өлтіруге барғанын да айтады. Егер шын мәнінде де, «қаншама ғасырлар бойы билікте болған Патша әулетіне жақтасқан, жаңа өзгерістерге қарсы келгендер болмады ма екен?» деп ойланған болсаңыз, онда жауап бар. Иә, 1903 жылдан (1905 жылы ғана қара жүздік атауын алып, партия құрады) 1917 жылғы ақпан көтерілісіне дейін оңшылдан либералды-монархиялық бағыттағы саяси монархиялық партия болды. Олар 1906-1908 жылдардағы Ресейдегі ең ауқымды Черносотенцы қоғамдық-саяси қозғалыс болып есептелді де. Олар 1906 жылғы тізім бойынша құрамында Ресей империясындағы 200-ден аса қала мен ауылдарда болған 272 монархиялық одағы бар оңшылдар. Болған... Енді қаражүздікті арнайы интернет, тарихи кітаптардан іздемесек, мектеп бағдарламасынан табылмайды. Өткен тарих – болашақтың кепілі емес пе?! Тарихқа қарап, өзімізді өткенімізден іздейміз (біз де «Абылай, Махамбет, Әлихан, Ахметтердің ұрпағымыз» деп, кейде оянғандай боп, бас көтермейміз бе?). Енді, мектеп білімінен сусындап өскен әрбір екінші немесе үшінші бала еліндегі жаңа билікке, жаңа өзгерісті қарсылықсыз қарап, қабылдауға үйренетін болады. Бұған әрі ақпарат соғысының әдістерін қосып жіберсек, Ресей халқының биліктің құлағы, көзі һәм қол-аяғы болатынын болжауға болады. Енді халық естиді, көреді, орындайды (қазіргі төртінші билік те сондай халде емес пе?! Ресейдікі болсын, Қазақстандыкі болсын).

Иә, тағы бір тарих тармағы сызылды...

photo

Құралай Исаева

Астана.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір