• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 21:52:53
Алматы
+12°

«Қазақ елі-550 жыл» шығармашылық бәйгесіне

Бейсенбай Бекжан Кәленұлы

1492 жылы испандық саяхатшы Христофор Колумб сол кездің ғылымы үшін теңдесі жоқ жаңалық ашты. Ол бұған дейін Еуропа ғылымы үшін белгісіз болған жаңа құрлыққа жетті. Бірақ оның өзі Индияға жеттім деп ойлады. Ол кездегі Еуропа ғылымы Батыс Еуропа мен Жапония арасында бір ғана теңіз бар деп білетін. Ал қарсы бетте жатқан құрлық пен және бір теңіз туралы ол кезде Еуропада ешкім де білмейтін. Колумб бұл жаңалығының шын мәнін білмеген күйі өмірден өтті. Ашқан жаңалығына сай құрмет көрмек түгілі, өмірін қайғылы аяқтады. Жаңа құрлыққа жасаған соңғы саяхатынан аяқ қолы кісендеулі оралды.

001

Оның есесіне, ұсақ саудагер Америго Веспуччидің жолы болды. Ол Колумб ашқан жолмен жаңа құрлықта бірнеше-ақ рет болса да, оның осы іссапары туралы басшыларына жасаған іссапар есебі оның атын тарихта қалдырды. Америго Веспуччидің «Еуропа мен Жапонияның арасын және бір материк бөліп жатыр» деген сөзі бар «Жаңа әлем» атты төрт беттік есебі оған әлем тарихынан ойып орын алып берді. Оның бұл есебін кездейсоқ көріп қалған пысықай баспагер, бұл жаңалықты асығыс жариялап жібереді. Осылайша төрт беттік іссапар есебін жазған ұсақ саудагер, сол заман ғылымы үшін теңдесі жоқ «жаңалық ашушы аталып», жаңа құрлыққа аты берілді. Белгілі ғалым Әділ Ахметов бұндай әділетсіздікке ыза болып, «жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді» дейді. Шын мәнісінде бұл сандырақ емес, ұрлық болатын. Колумб Американы ашқанға дейін, Еуропалықтар тіпті Индияға барар жолды да білмесе, Колумбтың жаңалығынан кейін, бір де бір саяхат жасамай-ақ, тіптен кабинеттен шықпай отырып-ақ әлемнің картасын жасайтын «Ұлы картографтар» шықты. 1513 жылы түрік адмиралы Пири Рейс,

001

Пири Рейс-Мухиддин ибн Мехмед (1470-1553)

1559 жылы түрік Хаджи Ахмед, 1587 жылы Герард Меркаторлар жасаған әлемнің карталары мен 1535 жылы Оронтей Финей (Оронтеус Финиус), 1590 жылы Герард Меркатор, 1595 жылы Ян Бушмехерстер бір біріне байланыссыз жасаған Арктиканың карталары сол заманның ғылымы үшін мүмкін емес, таң қаларлық жетістік. Бұл карталарда, сол кез үшін таң қаларлық дәлдікпен, қазіргі белгілі Еуразия, Африка және Америка құрлықтарының жағалаулары, аралдар, бұғаздар мен көлдер айна қатесіз белгіленген. Түрік адмиралы Пири Рейс өзінің картасын көнеден қалған карталардан көшіргенін жасырмай, ашық жазған. Оның картасында көне заман теңізшілерінің Атлант мұхитында солтүстіктен Антарктидаға дейін жүзіп баратын теңіз жолдары да көрсетілген. Ал Еуропалық «Ұлы картографтар», Америго Веспуччиден бастап, өмірінде көрмеген, кейде тіпті әлдеқашан жойылып кеткен, көруі мүмкін емес те жерлер туралы таң қаларлық дәлдікпен карталар жасап, өз атынан жариялайды. Бар жоғы жарты ғасыр бұрын, Индияның қайда екенін де білмеген Еуропалықтар, тіпті әлдеқашан жойылып кеткен Арктикадағы аралдардың ескіше атауын да көрсетеді. Сөйте тұра бұл карталарды жасаған нағыз «Ұлы картографтардың» есімдерін көрсетпейді. - - - Қазір жердің бұрынғы физико-географиялық белгілерін зерттейтін палеография дейтін ғылым бар. Осы ғылымның мамандарының айтуынша, Арктикадағы қазіргі мұздықтар б.д. бұрынғы 1-ші мыңжылдықтың ортасында қата бастаған. Ал оған дейін Арктикада кем дегенде мың жылдай жылы, әрі құрғақ климат болған дейді. Осындай, солтүстік мұзды мұхитта климаттың ауысуы тек бұл ғана емес.

001

Сибирь: одной из наиболее известных современных археологических находок данного региона являются замороженные останки мамонтов, на которых сохранилась плоть и кожный покров. Очевидно, для того, чтобы животные замерзли таким образом, им было бы необходимо сильно намокнуть, или, точнее, погрузиться в воду, что очень хорошо вписывается в сценарий крупномасштабного наводнения. Добавляет весомости данному предположению и тот факт, что вместе с мамонтами были обнаружены и другие животные, очевидно, разделившие такую же участь.

Ғалымдардың айтуынша бұдан 9-дан 2,5 мың жылға дейін бұрын, ал кейбір ғалымдардың есебімен бұдан 6-дан 4 мың жыл бұрын тағы да осындай жылы климат болған. Сол сияқты Арктиканың жылынуы бұдан 10-12мың жыл бұрын да, 32-20мың жыл бұрын да болып тұрған. «...біріншіден, сіздер тек бір ғана жерді топан су басқанын білесіздер, ал шындығында ондай бірнеше рет болған.» Платонның «Критий» диалогындағы египет абызының сөзінен үзінді. Атақты кеңес мұхит зерттеушісі Я. Гаккель (1901-1965ж.ж) зерттеулердің

001

Арктика атом мұз жарғышы

нәтижесіне сүйеніп, «Арктида аралдық материгінің» болғандығы туралы болжам айтқан. Кейінірек Ломоносовтың, Менделеевтің және

001

Гаккельдің аттары берілген ірі су асты шыңдары табылды. Менделеев су асты шыңынан алынған жауын-шашын қалдығының құрамын тексергенде оның жасы 9300 жылға жуық екендігі анықталды. Ал Ломоносов су асты шыңы бұдан 12000 жылға жуық уақыт бұрын арал болған екен. Қазіргі кезде Арктика аймағының үлкен бөлігінің тереңдігі 100 метрден 200 метрге дейін, тіпті кей жерлері 40-60-ақ метрді құрайды. Ал бұдан 12000 мың жыл бұрын басталған мұздықтардың еруі нәтижесінде әлемдік мұхит деңгейі 150 метрден аса көтерілгені қазір дәлелденген. Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері небір таңқаларлық жаңалықтарды ашып жатыр. Бұған дейін Американы 1492 жылы испандық саяхатшы Христофор Колумб ашқан деп келген болатын. Ал өткен ғасырдың 60-шы жылдары табылған картада Американы ашқан скандинавиялық теңізшілер Лейф пен Бьярни болып тұр. Бұл карта Колумбтан 493 жыл бұрын 999 жылы жасалғанын ғалымдар дәлелдеген. Тағы бір дерек. Осы Х ғасырда Гренландияда қоныстанған викингтер өз мекендеріне «жасыл ел» деп ат берген екен. Бұл атау сол өңірдің бау бақшалы, ну орманды болғанына орай берілсе керек. Ал қазір осы «жасыл елдің» барлық жерін мұз құрсап жатыр. Ал қазір АҚШ ғалымдары Американы алғаш ашқан араб теңізшілері Абдул Рахим мен Абдулла ибн Мәлік бастаған теңізшілер деген қорытындыға келген Белгілі ғалым Әділ Ахметов өзінің «Түбі түркі өркениет» [1] атты еңбегінде мынандай дерек келтіреді: «Америкалық ғалым Франк Ватерз «Азиядан Америкаға теңіз арқылы өту викингтер мен Колумбтың Атлант мұхиты арқылы жасаған сапарларынан көп ғасырлар бұрын басталған. Бұл жөнінде қытай тілінде жазылған ең көне классикалық еңбектің аты-«Shan Khai King». Бұл кітап шамамен б.д.д. 2250 жылдары жазылған. Сол еңбекте «Ұлы Шығыс теңізін» кесіп өтіп, ар жақтағы 2000 мильге созылған құрлықта жасалған сапар суреттеледі. Көпке дейін ертегі мен аңызға баланып келген бұл еңбек осы күнгі Американың көз тартар жерлерінің, оның ішінде «Ұлы Нұрлы каньон» және басқа жерлердің нақтылы географиялық сипаттамасы екені дәлелденіп отыр. Мұндағы «Ұлы Шығыс теңізінің» Тынық мұхит екенін, 2000 мильге созылған құрлықтың қазіргі Солтүстік Америка, ал «Ұлы Нұрлы каньонның» бұл күндегі Гранд Каньон екенін байқау қиын емес. Демек, бұдан шығатын қорытынды-қытай жиһангерлері Америка материгін біздің заманымыздан 2250 жыл бұрын ашқан. Ендеше, Америка Азия әлеміне Колумбтан 3742 жыл бұрын белгілі еді десек, асырып айтқандық болмайды». Ал 1929 жылы табылған, киіктің терісіне салынған, көне карта тіптен қызық. Бұл карта 1513 жылы атақты түрік флотының адмиралы Пири Рейстің жасаған картасы болып шықты. Картада Африканың батыс жағалауы, оңтүстік Американың шығыс жағалауы және қазір кей жерлері 1500 метрге дейін жететін, мәңгілік мұз басып жатқан Антарктиданың солтүстік беті бейнеленген. Ең қызығы бұл картада қазіргі мұз құрсанған Антарктида құрлығы көк желек жамылған, мамыражай жер болып белгіленген.

321231231

Пири Рейстің картасының қалдығы.

Қазіргі біздің ғылыми деректерімізше мұз жамылған Антарктиданың өзі бұл карта жасалған уақыттан 300 жылдан кейін ашылды. Сонда түрік адмиралы бұл мәліметті қайдан алған? Қазір осы Антарктиданы зерттеген ғалымдар осы Пири Рейстің картасында көрсетілген өлке ( Мод королдігі) осыдан 6000 жыл бұрын мұзсыз, көкорай жасыл жер болғандығын дәлелдеді. Қазір Антарктида –қалың мұз жамылып жатқан құрлық, алайда ол жақтан әліге дейін мұзда қатқан динозаврлар мен басқа да ертедегі жануарлар табылып жатыр. Антарктидадан америкалық және еуропалық зерттеушілер тобы мұз құрсауындағы қолдан тұрғызылған деуге болатын таңғажайып көне пирамидалар тауып, суретке түсірген. Бұл шынымен өнер туындысы ма, жоқ әлде ерекше формадағы тау шыңдары ма, оның тарихын ғылыми экспедициялар алдағы уақытта анықтамақ.

321231231

1513 жылы түрік адмиралы Пири Рейс, 1532 жылы Оронтей Финей, 1559 жылы түрік Хаджи Ахмед, 1587 жылы Герард Меркаторлар жасаған әлемнің карталары өздерінің таңқаларлық дәлдігімен қазіргі заман ғалымдарын қайран қалдырады. Ғалымдар бұл карталардың бәрі, көне заманда жоғары технологияға қол жеткізген өркениет иелері жасаған карталардан көшіріп алынған деп жобалайды. Пири Рейс өз картасын жасау үшін бірнеше көне карталарды пайдаланғанын жазған. Олардың кейбіреулері б.д.д. 14 ғасырда, ал енді біреулері одан да бұрын жасалған екен. Осы картаны арнайы зерттеген қазіргі заман ғалымдары картаны шаршыларға бөліп, глобусқа орналастырғанда, карта қазіргі заманғы ұшақтар арқылы түсірілген аэрофототүсірілімдерге дәл келген.

321231231

321231231

Массачусетс технологиялық институтының докторы Ричард Стрейчанмен бірге Оронтей Финейдің картасын терең зерттеген АҚШ ғалымы профессор Чарльз Хэпгуд былай дейді: «Мен алдымда Антарктиданың нағыз картасы жатқанын түсіндім. Карта көнеден қалған бірнеше картадан көшірілген және құрастырылған. Пири Рейстің картасы сияқты бұл карта да, қазір қалың мұз астында жатқан Антарктиданың қазіргі ғылым анықтаған шекарасымен дәл келеді, әрі мұзсыз көрсетілген.»

321231231

Хэпгуд соңында мынандай қорытынды жасайды: «Антарктидада ерте заманда, оның көпшілік бөлігі мұзсыз кезде адамдар қоныстанған. Оронтей Финейдің картасы осы картаны жасаған өркениет иелерінің арғы тегін, Солтүстік жарты шардағы соңғы мұз дәуірінің соңындағы тұрғындар деп жобалауға болады» дейді. Профессор Чарльз Хэпгуд 1137 жылы «қытай жерінен» табылған, тас бағанға шекіп салынған картаның көшірмесін шаршыларға бөліп, сфералық геометрия әдісімен тексергенде, бұл картаның батыс ғалымдары жасаған карталарға өте ұқсас және солар сияқты өте жоғары дәлдікпен жасалғанын анықтаған. Бұл карталардың бір-біріне ұқсастығы сондай, «ғалымдар бұл карталарды жасаған адамдардың бір-бірімен байланысы болған болуы керек» дейді.

321231231

1587 жылы Герард Меркатор жасаған әлемнің картасы.

321231231 Арктикадағы аралдар табиғи апат басталғанға дейін.

321231231 Арктика, табиғи апатқа дейін.

321231231 Арктика табиғи апаттың бастапқы кезеңінде.

321231231

Арктикадағы табиғи апаттың соңғы кезеңі.

321231231 Қазіргі біздің білуімізше ең алғашқы өркениет орындары; Месопотамияда Шумер, Кіші Азияда Хаттар, Африкада Египет бұдан бұрынғы 5000-6000 жылдардың арасында пайда болған. Негізгі дамыған өркениеттің белгілері б.д.д. 3000 жылдардың маңайынан басталады. Бірақ онда да олар жер шарын шарлап, картаға түсіретіндей деңгейге жете қоймаған секілді. Сонда шумерлер мен египеттіктерден 1000 жыл бұрын ғаламның картасын жасаған кімдер? Ал бүкіл әлемдік әйгілі картографтар Ян Бушмехерс( 1590ж) пен Герард Меркатор (1590 ж) және Оринт Финей (1535ж) жасаған карталар біздің тақырып үшін өте құнды мәлімет береді. Орта ғасырлардың құрметті картографтары бір- біріне байланыссыз Арктиканың картасын жасаған. Бұл карталарда сол кез үшін таң қаларлық дәлдікпен қазіргі белгілі Евразия мен Америка құрлықтарының солтүстік жағалаулары, аралдар, бұғаздар, көлдер айна қатесіз белгіленген. Осы карталарда көрсетілген құрлықтардың солтүстік жағалауларын, ғалымдар космостан түсірілген суретпен салыстырғанда олардың таңқаларлық дәлдігін анықтаған. Бұл карталарда көрсетілген: Жаңа Жер аралы, Аляскадағы Юкон өзені, Гудзон шығанағы, Беринг бұғазы және т.б. ол кезде Еуропаға әлі белгісіз болатын. Ал ең қызығы, қазір қалың мұз астында жатқан Солтүстік полюс өзендері ағып жатқан құрлық болып көрсетілген. Я.Я.Гаккель Арктикадағы бұл аралдарды «Арктида» деп атаса, Г. Меркатор өз картасында «Солтүстіктегі жерлер» (Северные земли) деп атапты. Бұл карталарда солтүстік полюсті айнала қоршап жатқан үлкен құрлық. Ортасында ішкі теңіз қоршаған биік тау бар. Картадағы жазу бойынша тау тура полюстің ортасында 70км шеңберді алып жатыр. Тауды айнала қоршаған ішкі теңізден төрт өзен ағып шығып жатыр. Өзендер құрлықты төрт бөлікке бөледі. 1595 жылы Герард Меркатордың ұлы Рудольф жариялаған картада осы төрт аралдың аттары жеке-жеке көрсетіліпті: 1-Свага, солтүстік батыстағы арал; 2-Рай, оңтүстік батыстағы арал; 3-Тула, оңтүстік шығыстағы арал; 4-хАрра, солтүстік шығыстағы арал.

Қазір Г. Меркатордың 1569 жылы жасаған Арктиканың зілзалаға дейінгі толық картасы; 1995 жылы жасаған Арктикадағы зілзаланың бастапқы кезеңі көрсетілген картасы; 1620 жылы жасаған Арктиканың батып бара жатқан соңғы кезеңі көрсетілген карталары табылған. Меркатордың 1569 жылы жасаған картасында Арктика өзендер бөліп жатқан төрт аралдан тұрады. Оңтүстік шығысындағы аралдың Азия құрлығымен арасын жіңішке бұғаз бөліп тұр. Ол картада латын әрпімен «Тас белдік» (Каменный пояс) деп аталыпты. Обь өзенінің теңізге құяр сағасында латын әрпімен «Zolotaia Baba» (баба-прадед), (Золотая Земля предков), (Бабалардың қасиетті мекені) деп жазылыпты.

321231231

Меркатордың 1995 жылы жасаған екінші картасында Еуразия құрлығына ең жақын орналасқан оңтүстік шығыстағы арал бөлшектеніп, су астына кете бастаған. Бұрынғы бір аралдан қазіргі Шпицберген, Жаңа Жер сияқты бірнеше аралдар бөлініп, солтүстігіндегі негізгі бөлігінің тек солтүстік беті ғана көрсетіліп, екінші беті ашық қалдырылыпты. Бұл аралдың бір шетінен бастап су астына кетіп жатқан кезі дейді ғалымдар.

321231231

Меркатордың 1620 жылы жасаған картасында суға батқан Арктиканың қалдықтары ғана көрінеді. Ал Гренландия аралы өте үлкейіп, солтүстік полюс жағы анық көрсетілмей қалған.

321231231

Бұл карталарда Арктиканың әр түрлі көрсетілуі, осы карталар көшірілген бастапқы карталардың Арктикадағы зілзаланың түрлі кезеңінде жасалып, Арктиканың су астына кетуін түсіндіреді. Бұл зілзала жүздеген, мүмкін тіпті мыңдаған жылдарға созылған сияқты. Сондықтан бұл карталар Арктиканың, Гаккель анықтағандай, бұдан 9000-12000 жылдар бұрынғы күйін көрсеткен дейді ғалымдар.

Бұл карталардан байқағанымыз, Арктикадағы аралдардың суға кетуі Еуразия құрлығына жақын жағынан басталып, Америка құрлығы жағы ең соңынан суға кетіп, қалдығы мұз астында қалған.

Осының бәрін қорытындылай келіп, ғалымдар мынандай қорытынды жасайды:

  • Меркатордың картасында көрсетілген аралдар көне заманда шынында да болған.
  • Ол замандарда солтүстік полюсте жылы климат орнаған.
  • Көне заман адамдары жоғары өркениетке қол жеткізіп, қазіргі заманғы жоғарыдан түсірілген суреттерге (аэрофототүсірілім) теңесе алатындай дәлдікпен карталар жасай алған.

Орта ғасырлардың «Ұлы картографтары» тек сол карталардан көшірме жасаушылар ғана болған.

Біз қазір Американы ашқан деп жүрген Христофор Колумбтың

экспедициясы Америкаға келгенде Америка құрлығында тілі де, нәсілі де әр түрлі миллиондаған халық тұратын. Сонымен қатар Колумбтың серіктері Америка құрлығынан Евразияда кездесетін жануарлар мен   құстардың, тіпті балықтар мен өсімдіктердің қанша түрлерін кездестіреді.

Алғашқыда ғалымдар Америка құрлығының бұл ежелгі тұрғындары Азиядан Америкаға Беринг бұғазы арқылы өткен деп келген болатын. Бірақ кейіннен ғалымдар зерттей келе бұл пікірдің қате екеніне көздері жетті.

Егер де Азиядан Америкаға Беринг бұғазы арқылы өту мүмкін болса, бұл қатынас үздіксіз болып жатуға тиіс қой.

Ал Америка құрлығына мұқият зерттеу жүргізген ғалымдар Еуразиядан Америкаға адам баласының қоныс аударуы дүркін-дүркін болғанын дәлелдеген. Яғни бірінші рет 40-35 мың жыл бұрын, екінші рет 28-25     мың жыл бұрын, ал үшінші рет 14-10 мың жыл бұрын қоныстанған дейді.

Сонымен қатар Еуразиядан Америкаға тек адамдар ғана емес, түрлі құстар , жануарлар, су жәндіктері, тіпті өсімдіктер де қоныс аударған.

Құстарды ұшып өтеді дейік.

Адамдар мен ірі жануарлар Беринг бұғазымен мұз қатқан кезде мұз үстімен өтті дей қояйық. Бірақ, бұл жерде де, жүздеген шақырымға созылатын ақ қар көк мұздан өтуге оларды не итермелеуі мүмкін?

Ал Еуразиялық тұшы суларда өмір сүретін су жіндіктері- балықтар қалай өткен. Олардың қатқан мұзбен де, не теңіздің ащы суымен де Азиядан Америкаға өтуі мүмкін емес. Өсімдіктерге мұхият анализ жүргізген ғалымдар Таймыр жарты аралы мен Канаданың Арктикалық архипелагының өсімдіктерінің бір-біріне өте ұқсас екендігін, бұл осы екі жер бөліктерінің жақын уақытқа дейін жер арқылы тікелей байланыста болғанын анықтаған.

Ал Чукотка мен Алясканың өзара ешқандай да ұқсастығы жоқ екендігін анықтаған.

Бұдан ғалымдар әйгілі картографтар Бушмехерс пен Меркатордың карталарындағы Арктикалық аралдар бұдан 10-12 мың жыл бұрын, Евразиядағы Таймыр жарты аралы мен Америкадағы Канаданың Арктикалық архипелагын бір бірімен тікелей жалғастырып жатқан деген қорытынды жасайды.

Көне заманның өзінде, қазіргі заманғы ғылымның жетістіктерімен   таласа алатындай карталарды жасаған сонда кім?

(Жалғасы бар)

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір