• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:49:01
+12°

25 Желтоқсан, 2014 NEWS

Петропавл мен Павлодар атауы Керей мен Жәнібек деп өзгере ме?

2015 жылы Республика көлемінде тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты Петропавл мен Павлодар атауын Хан  Керей мен Хан Жәнібек деп өзгерту керек....

2015 жылы Республика көлемінде тойланатын Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты Петропавл мен Павлодар атауын Хан  Керей мен Хан Жәнібек деп өзгерту керек. Осы бастаманы оқырман талқысына ұсынып, сайтымызда жазған болатынбыз(http://qamshy.kz/?p=16716). Жұртшылық тарапынан қызу талқыланған бұл ұсынысқа байланысты журналистер мен қоғам белсенділерінің пікірін білген едік. 

bolat mursalim

Болат Мүрсәлім:

Ұсынысты қолдаймын. Қазақ хандығының негізін қалаған тұлғаларға қай ақаланың атын берсе де лайық. Бірақ, бұл ұсыныс мемлекет тарапынан қолдау таба ма, жоқ па - айта алмаймын. Өйткені, қала атын өзгертудің өз процедурасы бар. Ұсыныс жергілікті халықтың және қалалық мәслихаттың қолдауына ие болуы керек. Қалалық Ономастикалық комиссия қолдап, республикалық комиссияға жібереді деген сияқты өз үрдісі бар. Бұл заңды жағы. Ал, мәселенің саяси жағы тағы бар. Оның барлығы саяси элита мен истеблишменттің ерік-жігеріне байланысты.

1932551_216317085224628_89567680_o

Айдос Жұқанұлы:

Билік мұндайды қолдамайды. Өйткені, билік 23 жыл бойы орыстілділердің қамын жеп келеді. Сондықтан бұл ұсыныс олардың ұстанымына қайшы.

 _mw1024_s_n

Қасым  Аманжолұлы:

Мұндай жекелеген ұсыныстар жиі шығып келе жатыр ғой... Мемлекеттік биліктен қолдау таппайды деп ойлаймын. Себебі, Ресей билігінде агрессияшыл Путин, Қазақстан билігінде мәмілешіл Басшы отырған кезде мұндай бастамалардың ешқайсысы да жүзеге аспайды.

ruza beisenbaitegi

Руза Бейсенбайтегі:

Қазақ хандығының 550-жылдығы аясындағы ұсыныстарыңыз өте орынды, әрине. Егер біздің ел отарлық санадан сауыққан ел болса бұндай ұсынысты 70 пайызға таяп қалған қазақ ұлты да (нақтылы бүкіл ел ғой), билік те екі қолын көтеріп қолдаушы еді. Бірақ Путиндік Ресейге жалтақтап отырған біздің билік мұндай шешімді қабылдай қояр ма екен? Тіпті осы жалтақтаған күйімізде қала береміз бе деп қорқамын. Айталық, соңғы кездері бір Керекудің өзінде қала атауын өзгерткісі келмейтін өз қандастарымыздың да қатары көбейген сияқты. Мен соны байқаймын.

6812172_n

Мақсат Жақау:

Толық қолдаймын. Бірақ билік заңға сүйенеді. Ал заңда жергілікті тұрғындардан хат түсіп, қол жиналып, арнайы облыстық құзырлы органдарға арызданданбаса Ұсыныс жүзеге аспайды. Оның үстіне сол аймақтағы халықтың басым бөлігі орыстар болған соң, мәселе нәтижесіз қалуы тағы мүмкін. Бұл жерде Елабсының саяси шешімі қажет, тек қана сол кісінің ұйғарымымен шешілетін дүние бұл!

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір