• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:44:56
Алматы
+12°

23 Желтоқсан, 2014 Әдебиет

«Холера тұсындағы махаббат» романы жайлы (1)

(Аргентинаның «Ақпарат тілшісі газетінің» тілшісі Карлос Ганбейданың 1986 жылы Кубаның Астанасы Хауанада Гарсия Маркеспен өткізген сұхбаты)

(Аргентинаның «Ақпарат тілшісі газетінің» тілшісі Карлос Ганбейданың 1986 жылы Кубаның Астанасы Хауанада Гарсия Маркеспен өткізген сұхбаты)

Зердел Түсіпқанұлының аудармасындағы мына шағын сұхбатта жазушы шығармашылық және қоғамдық мәселелер жайлы ойлар өрбіткен. Айталық, сұхбатта ұлы ұстаздың бүкіл адамзатқа деген махаббатымен ұштасып жатқан туған ел, туған жерге шексіз сүйіспеншілі менмұндаласа, енді бірде қарапайым шындық арқылы Латын америкасы халқының әлемдегі орыны мен болашақ бағыты туралы да қолмен қойғандай анық пікір білдіреді.

_4229S2

Карлос Ганбей: «Холера тұсындағы махаббат» нобел сыйлығын алғаннан кейін жариялаған тұңғыш шығармаңыз. Нобел сыйлығының әсері қаншалық болды?

Гарсия Маркес: Алдымен шығармашылықты тоқтата тұруыма тура келді. Сыйлық берілген тұста бұл романды жазуды әлдеқашан бастап кеткен едім. Бас тартуға болмайтын қоғамдық қимылдар мен жиналыстарға жиі баруым керек болды. Сонымен қолға алған шығармамды орта жолда бір жыл тоқтатып, Нобельдің иегері ретінде қоғамдық қимылдармен айналыстым. Ал жеке басыма басқалай ықпалы болған жоқ. Қысым да болған жоқ. Жазу стиліме де әсер етпеді. Тек қолыма қайта қалам алғанымда шығарманың бұрын жазылған бөлігін ұнатпайтынымды байқадым. Сонымен бұрынғы жазыл беттерін тастадым да тыңнан бастадым.

Карлос Ганбей: Сонда нелерді тыңнан бастадыңыз?

Гарсия Маркес: Шығармадағы оқиғаның уақытын 50 жыл алдыға шегердім. Сонымен, кейіпкерлер 20-30- жылдарда жасы жетіп қартайды. Оқиға өткен ғасырдың (19 ғасыр) 80 жылдарынан басталуы керек, өйткені бұл шінара адамдар айтқандай қарттардың махаббаты ғана емес, қайта кейіпкерлердің ұзақ ғұмырындағы махаббат хикаясы. Өмірінің ұқсамаған кезеңіндегі махаббат толғанысы. Сондықтан өткен ғасырдың тарихына үңілдім. Бірақ тарихшылардай салмақтап, жіңішкелей түсіндіруге бой ұрған жоқпын. Себебі, барлық тарихи құжаттарды ақтарып, жіпке тізгендей етіп тарих жазып отырғандармен айтысқым келмейді. Дегенмен отарлық дәуірдегі тарихи ортаны, мысалы, сол дәуірдегі халықтың тұрмыс тәсілін, еңбек формасын, салт-дәстүрін барынша анық көрсеттім. Айтқандай кітап басылып шыққан соң біреулер Карлос Гардельдің (Аргентиналық әнші) колумбияға келген уақытын 1914 жылдың алды-артында етіп көрсетуімді шындыққа жанаспайды деп жазғырды. Меніңше, бұл тарихшылардың міндеті. Өз басым ондайға қызықпаймын. Карлос Гардель колумбиялықтар жанындай жақсы көріп, әулиеге балайтын адам. Оның Колумбиядағы құрметі Аргентинадағыдан бір кем емес. Аты аңызға айналған Гардельдің Колумбияға келуі аталған уақыттан 10 жыл кейін. Бірақ, бұл маңызды емес. Уақытты сәл алдыға шегеріп, Гардельді сол тұста келген деп жазудың жамандығы болмас!

12627_167694_1397768609

Карлос Ганбей: шығармада суреттелген Колумбияның қай қаласы?

Гарсия Маркес: Қиялдан жасалған осы жерде Колумбияның Караиб теңізі өңіріндегі Картегиена, Сан-Марте, Баренкуела секілді іргелес үш қаласының ерекшеліктері қамтылған. Колумбияның басқа өңірлерімен салыстырғанда Колумбияға жақын Караиб теңізі өңірінің табиғаты Венесуэлаға жақын Караиб теңізі өңірі мен өзге де Караиб теңізі өңірлерінің жағырапиялық ортасы ұқсаңқырап кетеді. Мен үшін бұл өңірдегі халықтың сол тұстағы ұстанған салт-дәстүрі оның жағырапиялық орыны мен тарихынан әлде қайда қызықты.

Карлос Ганбей: Бұл кітап қалай жазылды?

Гарсия Маркес: Менің бірнеше егде таныстарым болды. Осы ғасырдың басындағы істер жайында олардың білері мол еді. Осы ғасырдың басында және соңғы 20 жылдығындағы салт-дәстүрдің парқы аз. Ол кезде өзгеріс тым баяу болатығұн. Әке-шешеммен әңгімелесуімнің де маңызы зор болды. Әкем өткен жылы желтоқсанда 84 жасында қайтыс болды. Бір кездері әр күні түстен кейін оларды көруге барып ұзақ әңгімелесетінмін. Бірақ оларға кітап жазу үшін екенін айтпайтынмын. Сөйтіп, кітапта жазылған махаббат хикаясының біраз бөлігі солардың шынайы әңгімесінен алынды. Ал соңғы бөлегі басқа әңгіме. Шығармадағы барлық кейіпкер, барлық оқиғаның түгелдей бір «құрастырылым» екенін бұрын да айтқанмын. Былайша айтқанда, ана жерден, мына жерден алып жинақталған бейнелер. Бейне әке-шешемнің әңгімесін тыңдағаным және мұның кітап жазу үшін екенін айтпағаным секілді. Ал олар әр жолы аса тебіреніспен өткені жайлы айтып беретін. Тағы бір қызық оқиға, бір күні әкеме телефон жалғап бір іс жайлы сұрамақшы болдым. Ол жас күнінде телеграммашы болып жұмыс істеген. (әңгімедегі бас кейіпкер де телеграммашы). Мен олардың телеграмма жолдағандағы күрделі әрекеттерінің не деп аталатындығын сұрамақ едім. Ол кезде телеграмманы бір бекеттен екінші бекетке, бір қалашықтан екінш қалашыққа жалғап жеткізетін. Әкемнен осы амалды не деп атайтындығын, өз кезінде қандай атаумен аталғанын сұрадым. Сол дәуірдегі бақ пен сорды бейнелеу үшін сол заманның тілін түсіну өте маңызды еді. Әкем оны «жалғанған бекеттер» деп аталатындығын айтты. «Жалғанған» деген етістік жағымды естілетін әрі ұнамды еді. Ол кісі дүниеден өткен соң колумбиялық бір тілші еске алу сипатындағы сұхбатты жариялады. Сонда тілші ол кісіден бірер нәрсе жазу жайлы ойының болған, болмағанын сұрапты. Әкем өзінің бір махаббат хикаясын жазбақшы болғанын, бірақ менің телеграмма жолдау амалы жайлы сұрағанымнан кейін, менің бұл кітапты бастап үлгергенімді біліп, әңгіме жазу ойынан қайтыпты. Әрине, мұны ол кісі дүниеден өткен соң ғана білдім. Көзі тірісінде бұл жайында сырласқан емеспіз.

1004440869

Карлос Ганбей: Керемет үндестік қой

Гарсия Маркес: Йә, бұл өмірдің әзілі әрі шығармадағы шын адам, шын оқиғалар. Кейде мүлде басқа адам, басқа оқиға болып құбылса да бәрі бір таныс адам, таныс оқиғалар негізінде жазылған. Қарапайым ұғым мен жай ақылға сүйеніп әңгіме жазатындарды түсінбеймін. Әңгіме жазудың басқаша керемет тәсілі болады.

Карлос Ганбей: Томас Хаксли...

Гарсия Маркес: Йә, Хаксли осылай жазады. Бір кездері оның шығармаларын қызыға оқыдым. Бірақ, қазір байқасам тек ақылға сүйеп жазған шығармаларында нақты кешірмелері жайлы пәлендей құнды нәрсе жоқ екен.

Карлос Ганбей: Шығармада автордың өз кешірмелерін, махаббат сезімдерін жазуы жайлы не айтасыз?

Гарсия Маркес: Өзі бастан кешірмеген істер жайлы немесе осы негізінде ой құрамай жазатындардың не ойлайтынын түсінбеймін. Өз басым үкілдей қиялға сүйеніп жаза алмаймын. Образ бен махаббат негізінде бүкіл шығарма бір тақырып төңірегінде дамиды. Тек қиялға сүйеніп әдеби сын немесе арнаулы ғылыми еңбектер болмаса басқа нәрсе жазуға болмайды.

Карлос Ганбей: Аталмыш махаббаттың келу тарихы осылай болды, солай ма? Мен шығармаларыңызда бейнеленетін өткен ғасырдағы Караиб теңізі өңіріндегі адамдардың ұнамсыз махаббат хикаясы жайлы көп ойладым әрі өз-өзімнен мұндай махаббаттың біздің елдегі сол дәуірлес махаббат хикаяларымен қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар дегенді сұраумен болдым.

Гарсия Маркес: Бұл да мені қызықтырған бір тақырып. Осы шығармада «махаббатты ойдан жасауға болады» дегенді бейнелеуге тырыстым. Қыз кейіпкер әңгіме соңында өз-өзінен «52 жыл өзін сүйетін-сүймейтіні белгісіз бір еркекпен бірге тұрмыс кешіріп, қалай ғана бақытты бола аламын?» деп сұрайды. Қыз бен жігіт 18-22 жас арасында махаббаттасады. Кейін жігіттің талабынан бас тартып, басқа бір еркекпен тұрмыстанады. Бұл менің әке-шешемнің махаббатының шын бейнесі. Менің үнемі барып оларды мазалай беруімнің де себебі осы.

markez_1397812156.jpg.600x450_q85 (1)

Карлос Ганбей: Әке-шешеңізден сырт 19 ғасырдағы махаббат жайлы деректерді қайдан таптыңыз? Флоберден шығар...

Гарсия Маркес: 19 ғасырдағы жазушылардың, әсіресе, Франция жазушыларының шығармаларын көп рет оқыдым. 19 ғасырдағы керемет шығармалар орыс әдебиетінде туды. Бірақ менің жазбақшы болғаным басқаша еді. Мен бұрын Флобердің «Сүйіспеншілік тәрбиесі» шығармасын бас кейіпкер Арно ханымның кешірмелерінен қатты әсерленуші едім. Ойымда пысып келе жатқан әңгіменің 19 ғасырда болғанын аңғарғанымда, оны дәл 19 ғасырда жазылғандай етіп, постмодернистік құрылым мен жазу тәсілінде жазбақшы олдым. Ал бұл ағымның кошбасшысы сол Флобер. Сонмен «Бовари ханымды» неше қайтара оқыдым. Жүрек қылын тербейтін осы көркем шығарма ешбір мінсіз кемелді машинаға ұқсайды. «Сүйіспеншілік тәрбиесінің» де көп көмегі тиді. Бірақ кері жағынан. Есімде қалуынша Флобер шығармасында бір махаббат хикаясын баяндаумен бірге, сл дәуірді дәл суреттеген. Осы бір махаббат хикаясын Францияның төтенше тарихи кезеңіндегі ерекше ортамен қабыстыра алған. Ал өткен ғасырдың соңындағы жанар таудай жарылыс алдында тұрған Караиб теңізі өңірінде болған бұл әңгіменің құрылымын қайткенде «Сүйіспеншілік тәрбиесі» секілді тәсілмен орналастыруға болады. Нәтижеде менің таң қалдырғаны бұл кітап «Бовари ханымға» ұқсамайды екен. Мұның кемшіліктері бар. Бір жағы автордың баяндамақшы болған махаббат хикаясы болса, енді бір жағы қоғамдық, саяси сипатты материялдар болып, құрылымы бытыраңқы еді. Флобер бұл екеуін ойдағыдай қабыстыра алмаған-ды. Бастысы, мен 19 ғасырдағы әңгіменің құрылымын игеріп, соған ұқсас ретті баяндау тәсілімен 20 ғасырдағы осы әңгімені жазсам мұндай тәсілдің өнімі тамаша болар еді. Сол арада көптен бері ойымда жүрген бір іс есіме оралды. Меніңше, нақтап қарасақ әдеби сыншылар мен ақындар нағыз сырлы жандар. Біз жазушылар әңгімені өзгелер қалай жазады екен деп ақтарамыз, борша-боршасын шығарып тереңіне үңілеміз. Олардың қалай жазғаны жайлы сырды байқай алсақ сол үлкен табысымыз болады. Сонда олардың қандай тәсілмен жазғанын білеміз. Біздер әңгіменің құрылымы жайлы ізденушілерміз. Осындай мақсатпен өткен ғасырдағы бір бөлім әдеби шығармаларды оқыдым. Қолға қалам алмас бұрын мен, сөзсіз, қайта-қайта оқып, көп зерттеуім керек. Өйткені, мен бір кітаптың құрылымын тұрақтандырмай тұрып, ол кітап оқылып болғандай болса ендеше мұны жаза алмаймын. Меніңше, бір кітаптың соңында пайдаланылған материялдарды ескертпеу әділетсіздік. Ал әдебиет сыншылары мұны ескертеді.

header_gabriel_garcia_marquez_dies

Карлос Ганбей: Ендеше, сіз неге солай істемедіңіз?

Гарсия Маркес: Неге десең, оқырманның назарын шашыратып алудан алаңдадым, олай болмауы керек. Мен табансыз оқырманмын. Көңілім тартпаған кітапты оқымай аяқсыз қалдырамын. Көптеген кітапты оқуым керек. Бірақ, менің ережем мені қызықтыра алмаған кітапты сырып қоямын да басқа біреуін аламын. Кітап жазып отырып оқырманның да маған осылай мәміледе олуынан алаңдаймын. Сондықтан жазғандарым жалықтырып алатындай сезілсе, біраз қызықты ерекшеліктермен толықтырамын. Оқырманның назарын шоғырландыруға тырысамын. Мысалы, бірер сын есімдерді немесе қажет болмаған сөздерді қосу. Шынын айтқанда бұл мағынасыз, бірақ оңай байқалмайтын амал. Мақсаты шығармада түсінуге қиын бөгеттердің болуынан сақтану. Меніңше, оқырман әңгіменің ритімсіздігі мен басқа да себептерден жалғасты оқуға шарасыз болуы немесе жиі жыпылықтай бастауы олардың назарының шашырағандығының белгісі. Бұл мен үшін оқырманның ілтипатынан айрылып қалуым мүмкін болған қатерлі түсім. Мен шығармаларымның оқырманды бастан ақыр баурап отыруын қалаймын.

(Жалғасы бар)

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір