• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:41:44
Алматы
+12°

18 Желтоқсан, 2014 NEWS

Рублдің құлдырауы теңгеге әсер ете ме? (сауалнама жауаптары)

Былтырғы теңгеміздің тиныға айналған тағдыры биыл  Ресейлік «рубльді» де шыр айналдыруда. Күн сайын құлдырау көрсеткіші жаңарып отырған көрші валютасының...

 Былтырғы теңгеміздің тиныға айналған тағдыры биыл  Ресейлік «рубльді» де шыр айналдыруда. Күн сайын құлдырау көрсеткіші жаңарып отырған көрші валютасының теңгеге шаққандағы құны 3 теңгені құрап отыр. 16 –желтоқсан күні рубль құны төмендеуден рекордтық көрсеткішке барды. Бір доллар 80 рубль болса, бір еуро 100 рубльге тұрақтаған болатын. Бұл жағдайдың шиеленісе түскені сондай тіпті Ресей Думасы қолданысқа жаңа валюта шығару жөнінде мәселені көтерді. Құны құбылмалы күйде тұрған рубль Ресейдің отандық автоөнеркәсібіне де залалын тигізбей қоймады. Бұған дейін «бас шайқар» бағадағы темір тұлпарлар құны күрт төмендеді. Базарда қолжетімді баға тұрақтады. Былтырғы теңгенің девальвацияға түскені түстіктегі көршімізге қалай әсер еткені беймәлім, бірақ бұл жайдан бізге келер қауіп бар ма? Оқырмандарымызбен ой бөлісіп едік. Назарларыңызға ұсынып отырмыз.

1525196_n

Айдос Жұқанұлы:

  1. Рубльдің теңгеге әсері анау айтқандай бола қоймас. Өзімен бірге ала кететін жастығы емеспіз. Құлдырамақ түгілі құрдымға кетсе де қайғырмаспын. Дегенмен көршіге жамандық тілемейтін қазақпыз ғой. Жаназасын шығаруға бармасақ та, жетісінде көңіл айтуға болады. Өйткені, көршіні таңдамайсың ғой. Көршінің аты көрші. Хақысы зор.
  2.  Экономикалық байланыстағы біз рубльдің кесірінен сары майдай сақтап отырған Ұлттық қорымызға шым-шымдап қол жүгіртерміз. Бірақ қашанғы әлем экономикасының, яки доллар мен еуроның қарқынын мұнайдан түскен алтын қорымен тоқтатпақсың? Әлбетте, қаңтар немесе ақпан айында девальвация болатын шығар. Себебі, мұнай арзандап барады ғой. Ал араб елдері баррелін алты-ақ доллардан сатса да мұртын балта шаппас.
  3.  Думадағы маңырамалар айта береді. Рубльдің батпаққа батқаны батқан. Енді оңайшылықпен шыға алмас. Қырымды қайтарса ғана Құдай көмектесер. Сондықтан құйға батқан рубль деген нәрсенің жаны қиналмай тезірек шығып кетсе екен, азаптанбаса екен деп тілейік.

0567380e

Руза Бейсенбайтегі:

Экономист емеспін , жәй адам ретінде ойымдағыларды айтайын. 1)  Ортақ Одақ болғаннан кейін бізгеде әсері бола ма деп қауіптенемін. Барлығы жоғарғы жақтың қаншалықты орыстарға елді тәуелді қылып қоюына байланысты болу керек. 2)  Біздің  былтырғы девальвация экономикадағы ішкі қайшылықтарымызбен байланысты болды деп ойлаймын. Ал орыстарда Украина үшін жасалып отырған халықаралық санкциялармен тікелей қатысты болу керек. 3)  Ештеңе құтқармайды оларды. Тек Украинадан қолын тарту, соның өзінде де бір мезетте тұрақтылық орнай қалады деу нейғабыл.

11118

Нұрлан Сәдір:

1) Тап қазір алып-бара жатқан әсерін байқап отырған жоқпын. Қалай болғанда да қазақстандықтар рубльдің құлағанынан әзірше зиян шегіп жатқан жоқ, керісінше Ресейден арзан көлік сатып алып, белгілі бір дәрежеде пайда табуда. Бірақ, екі елдің экономикалық байланыстары өзара қатты байланыста екенін, ол байланыстың Евразиялық одақ аясында одан сайын күшейе түсетінін ескерсек рубльдің құлдырауының біз үшін қандай да бір жағымсыз әсері болмай қалмас. 2) Салыстыру қиын. Себебі, РФ дағдарысына Батыс елдері мен АҚШтың санкциясы сияқты саяси себеп те әсер етіп отыр, біздің теңгенің девальвациясында бұндай фактор болған жоқ. Күні ертең мұнай бағасы қайтадан қалпына келе бастаса да, рубльдің қайтадан қалпына келе қалуы оңай болмас, себебі бұл жерде рубльге қарсы саясат пен экономика қосарлана әрекет етіп отыр 3) Құтқармайды деп ойлаймын. Қателеспесем, әлемдік практикада жаңа валюта шығару арқылы девальвациядан құтылған мысал жоқ секілді. Жаңа валюта шыға қалған жағдайда, ол сол елдің әлемнен оқшаулануына ғана әкелуі мүмкін. Ал әлемнен оқшауланған елдердің ішінде оңғаны жоқ. Олар ішкі ресурстары есебінен салыстырмалы түрде алғанда көйлегі көк, тамағы тоқ болуы да мүмкін, бірақ бұндай ел үлкен түрмені елестетеді. Ал түрменің аты – түрме. «Жақсы түрме» деген болмайды.

Дайындаған Орынбасар Бақытбеков

сурет: капитал.кз

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір