• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:40:47
Алматы
+12°

18 Желтоқсан, 2014 NEWS

Әлемдік статистика: Қазақ неден озып, неден тозып жүр?

Жан Ко мен Бенджамин Дизраэли «Статистика – жалған ғылымдардың ішіндегі ең дәлдісі», «өтіріктің 3 түрі болады: өтірік, арсыз өтірік және статистика» деп шешсе...

Жан Ко мен Бенджамин Дизраэли «Статистика – жалған ғылымдардың ішіндегі ең дәлдісі», «өтіріктің 3 түрі болады: өтірік, арсыз өтірік және статистика» деп шешсе де, біз статистикаға көп жүгінеміз. Сөздерімізді дәлелдеп, айқындау мақсатындағы өміріміздегі статистиканың рөлі айтарлық үлкен. Өзіміз сол инфографиканың қалай алынып, қандай критерийлер бойынша есептелетінін түсініп, толық байыбына бармасақ та, ауыз шулатып айтып жүреміз. Міне, біз де тәуелсіздіктің 23 жылдығы қарсаңында еліміздің әлемдік статистикадағы  көрсеткіштеріне көз жүгірттік. (Қажет кезде табылмай қалатын бұл мағлұматтарды жеке парақшаға немесе компьютерлік үстелге сақтап қойыңыздар). Не деуге болады? Қуанғаным мен жылығаным бірдей...

Алғашқы кесте: Әлем деңгейіндегі Қазақстан Топ-10.

Орны Мақтаныш Күйініш
1 орын Вольфрам, барит және мырыштың қоры. Жан басына шаққандағы минералды шикізат ресурсы  (халқымыздың аздығы осыдан білінеді). Уранды өндіру (2014 ж - 22,8 млн тонна). Орталық Азия бойынша мешіттердің саны. 10-14 жас аралығындағы балалардың суицид көрсеткіші. Өкпе обырына шалдығу мен өлім көрсеткіші (қазақстандықтардың 70% дәрігерге обырдың 3-4 сатысында келетіндігі себепті). ЖІӨ бірлігіндегі парниктік газдың бөлінуі.  
2 орын Күміс, Фосфор және хром рудасының қоры. Бидай өндіру көлемі (Алайда, астық түсімі (урожай) бойынша 142 орын). Уран қоры. Азиядағы миллиардерлер саны (халықтың жағдайымен салыстырғанда, мұны кемшілік деп көремін). ТМД бойынша бруцеллез ауруына шалдығу. Бизнестегі қауіп-қатер деңгейі (Исландиядан кейін). Еуропа мен Орталық Азиядағы экологиялық ластанған ел.
3 орын Бейбіт атомды шығару және өндіру. Флюорид және мыстың қоры. XXI ғ I онжылдығындағы 25 серпінді экономикалық елдердің ішінде. Суицид саны. Орташа есеппен әр сағат сайын Қазақстандағы бір азамат өз еркімен өмірмен қоштасады (кей деректерде 10 орын деп көрсетілген). 100 мың адамға шаққандағы полицейлер саны (бұл АҚШ-тан екі есе, Қытайдан 2,5 есе артық). Түрмеде отырғандардың саны (түрмеде туберкулезбен ауыратындардың саны жалпы есептен 40 есе көп). Қайғылы оқиға мен травмалардан өлу көрсеткіші.
4 орын Қорғасын және молибден қоры. Ұялы байланыс  абоненттерінің саны.
5 орын Үнді шайын пайдалану (шайқор халық екеніміз жасырын емес, бір адамға жылына 1,5 кг шай келеді). Шетел асырап алатын балалардың саны (жылына 800 баладай). 25-45 жастағы еркек темекі шегушілер саны (ұлттық зерттеу нәтижесі бойынша 11-60 жас аралығындағы шылым шегушілер саны халқымыздың 30% құрады).
6 орын Табиғи ресурстардың қоры (Ғалымдардың есептеуінше, жер қойнауындағы кеннің құны 10 триллион АҚШ долларын құрайды. Алайда, оның 50%-н да пайдаланып жатқанымыз жоқ, сол статистика бойынша). Алтын қоры. Егіндік немесе шабындық көлемі (36 млн га).
7 орын Даму темпінің көрсеткіші. 18 еуропа елдерінің арасында туберкулездың жоғарғы деңгейде кең таралуы.
8 орын Темір рудасының жалпы қоры. Әлемдегі ең бай мемлекет (ресурс бойынша). Көмір қоры. Алкогольды заттарды тұтыну (наркологтардың айтуынша, соңғы 3 жылда ішкіш-балалардың саны 10 есе, жасөспірімдердің саны 2 есе артқан). Орталық Азия бойынша 1 орынды иелендік.
9 орын Жер көлемі. Мигранттардың жалпы саны.  
10 орын Медициналық кадрмен қамту деңгейі. Әлемдегі ең төменгі валюта.

graph2

Екінші кесте: Қазақстанның әлемдегі жалпы жағдайы.

Алатын орны Барлық елдер саны Көрсеткіш атауы
12 Мұнай қоры
14 177 Сауаттылық деңгейі
20 Газ қоры
28 193 Электрондық үкіметтің дамуының даму рейтингісі
35 185 Білім беру рейтингісі
36 65 Бензинге қолжетімділік рейтингісі
38 148 Желілік әзірлік
40 Әлемдік эспорттаушылар көрсеткіші
42 103 Патенттік белсенділік рейтингісі
43 135 Электроэнергияны қолдану
44 178 Салымдық төлемдердің оңайлығы
49 94 Автомобилизациялану
49 190 ЖІӨ көрсеткіші
50 144 Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік
52 148 Гендерлік теңдік
53 166 Ақпарттық-байланыс технологиялар дамуы
53 60 Зейнетке шыққаннан кейінгі өмір сүру ұзақтығы
55 142 Даму, өрлеу рейтингісі
57 109 Азық-түлік қауіпсіздігінің индексі
61 190 Телефондық байланыс
64 Адам өлімі тіркелген авто-көлік оқиғасы саны
65 124 Терроризм
66 135 Қайырымдылық көрсету рейтингісі
66 167 Интернет желісінің жылдамдығы (5,44 Мб/с)
67 179 Экономикалық азаттық рейтингісі
67 168 ЖҰӨ
69 91 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік өңдеу
70 187 Адам потенциалының даму рейтингісі
71 99 Заңдық қадағалау көрсеткіші
73 146 Экономикалық білім
74 80 Ананың босануы үшін қолайлы мемлекеттер тізімі
76 189 Интернеттің даму рейтингісі
79 143 Инновация рейтингісі
82 187 Жаһандану
84 178 Экологиялық тиімділік рейтингісі
88 140 Туризм
91 195 Ғылыми-зерттеу белсенділігі
94 138 Әлемдік сауда көрсеткіші
97 194 Урбандану
103 162 Бейбітшілік рейтингісі
107 195 Халық санының өсуі
111 178 Жаһандық қабілетсіздік
119 151 Қуаныш, бақыт көрсеткіші (ондай да бар)
119 193 Сәби өлімі
125 153 Білім беруге бөлінетін шығын көрсеткіші
126 174 Жемқорлықтың таралуы
130 151 Қоғам тұрақтылығы
136 187 Денсаулық сақтауға бөлінетін шығын көрсеткіші
138  194 Өмір ұзақтығы
138 219 Алдын ала өлтіру рейтингісі (қасақана жасалған өлім)
143 (авторитарлық режім) 167 Демократия көрсеткіші
187 197 БАҚ бостандығы (сөз бостандығы)

Ғалымдардың статистика туралы айтқанын ақиқатқа балап, бұл статистикаға сенсек, жалпы жағдайымыз жақсы сияқты. Бірақ, сөз бостандығы, суицид, демократиядағы көрсеткіштерді қарап қарның ашады. Ал, сіз не түйдіңіз?

Құралай Исаева

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір