• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 19:40:25
Алматы
+12°

08 Желтоқсан, 2014 NEWS

Өскемен. «Шығыс» ауылы. Қағаз қабырғалар жанып жатыр…

Елбасының «Нұрлы көш» саясатының аясында талай қандас атажұртына ат басын тіреп, отбасын көшіріп әкелді. Соның бірі Өскемен қаласының  кіре берісіне...

Елбасының «Нұрлы көш» саясатының аясында талай қандас атажұртына ат басын тіреп, отбасын көшіріп әкелді. Соның бірі Өскемен қаласының  кіре берісіне орналасқан- «Шығыс» ауылы. Іргетасы 2010 жылдан бастап қаланған. Осы ауылдағы қандастардың арқасында Өскемен қаласындағы қазақтар санының үлесі 53% -ға өсті.  Құны бес миллион тұратын үйлердің бағасын халық ұзақ жылға бөліп төлеу үшін үкіметпен келісім-шартқа отырған болатын. Жауапсыз мердігерлер  гипсокортонмен салып кеткен қағаз үйлер, қыстың аязына шыдас бермейтіндігін алғашқы жылы-ақ көрсеткен. Үйі пана болмаған жұрт пеш салайын десе, қағаз үй жанып кетеді. Ақыры   теплопон  дейтін тоқпен жылыйтын құрылғы орнатқан. Бұл пәленің тоқты көп жейтіні соншалықты, әрбір отбасы айына ең аз дегенде тоқ ақысына 20-30 мың теңге төлейді. Тоқ ақы шектен тыс көбейіп кетіп,  2013жылы ауыл тұрғындары наразылық білдірген болатын. Бұл жайында елдің ақпарат құралдары кезінде жарыса жазған.

141

«Үш күннен соң көрге де үйренесің» деп, жалақысының жартысын «Шығысэнерготрейд» ЖШС –ке төлеп тұруға да әдеттенген. Оны қойшы, осы теплопонның кесірінен 2012 жылы бір үй, 2013 жылы бір үй өртенген болатын. 2013 жылы өртенген үйдің үш жасар баласы ішке қамалып қалып,  шала күйік болып әзер құтқарылған еді. Ең қайғылысы жылына  бір үйдің өртенуі салтқа айналып бара жатыр. Биыл  желтоқасанның төрті күні тағы да бір үйдің шаңырағы күл болып ортасына түсті. Түн ішінде шыққан өртті таңғы сағат төрттерде көршісі байқамаса, бүкіл бір жанұя ұйқтап жатқан күйі мәңгі ұйқыға кетер еді. Өрттің  шектен тыс қызған теплопонның салдарынан, қағаз үйге шырмауықтай қаптаған қалың тоқтардың кеселінен болуы бізді қатты алаңдатады. Әр жолы адам аман болса болды деп, шүкірлік етіп қоямыз.  Өрт апатын  қалай тоқтатамыз? Алдымызда қатты қыс, қағаз үйлер теплопонның ыстығына шыдамай лаулайтын кезең. Адам шығыны шықса не болады?  Арнайы мамандардың айтуынша, егер үлкен өрт шықса бүкіл бір ауыл бес минута жоқ болып кетуі мүмкін. Осы қағаз үйлердің сапалық тексеруден қалай сүрінбей өткенінде де таңғалмасқа шара жоқ. Мемлекет бөлген  қаржыны қалай қалтаға түсірсек болады деп ойлап, ақыры кірпіш орнына қағаз қалаған алаяқ мердігер  компаниялар да, «Сапалы» деп қолын қойған қатысты органдар да кінәлі. Әкім-қаралардың саусағының ұшымен сүйкей салған бір жапырақ қағазының азабын шегіп халық келе жатыр баяғы.

32

Шығыс ауылының тұрғындары үкіметке қайтадан тастан үй салып бер демейді. Тек қағаз үйлерді алдын-ала аттарына аударып берсе, өздері-ақ бұзып, орынына  кірпіштен қалап алатын еді. Қазір «Шығыс» ауылында кірпіш өндіретін онға тарта кәсіпкер бар. Бұл жағынан қиналмасы анық. Қалай десекте сапасыз үйдің зардабын қарапайым жұрт тартып келе жатыр. «Шығыс» ауылы бизнес көзі секілді. Үкімет үй салып бердік деп айына ақшасын алып отырады, олар бөлген ақшаны жолторығыштар қағып алып, тиынның сылдырын ғана естіртеді, қағаз үй суықта қалтырап, жылыу сақтамағаны үшін тоқ қосады, қортындысында: тоқ ақы шарықтайды немесе үй өртенеді.  Осының бәрі екі қолына бір күрек таппай, оқығандар орыс тілін білмегені үшін жұмысқа тұра алмай жүрген «Шығыс» ауылы үшін тым ауыр. «Шығыс» ауылы қалай болғанда да атына заты сай болып тұр, «Шығыс» бар, кіріс жоқ.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір