• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:41:00
Алматы
+12°

15 Қараша, 2012 Саясат

Берік Уәли: Оңтүстік Тәуелсіздік күніне дейін жаңа жылды тойламайды

Естеріңізде болса "Қамшы" порталы науырызға дейін «Жаңа жыл» деген сөзді жазбайтын, атамайтын болып, қазақ журналистеріне үндеу тастаған. Енді міне Оңтүстіктен...

 

Естеріңізде болса "Қамшы" порталы науырызға дейін «Жаңа жыл» деген сөзді жазбайтын, атамайтын болып, қазақ журналистеріне үндеу тастаған. Енді міне Оңтүстіктен оң хабар келді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов тәуелсіздік мерекесіне дейін «Жаңа жыл» деп жалаулатпауды қол астындағыларына тапсырды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз хатшысы Берік Уәлиден білдік:

Өзіміз журналист болып қызмет етіп жүргенде әкімдерге "неге жаңа жылдық құттықтаулар Тәуелсіздік мейрамынан бұрын ілінеді? Біз үшін ең ұлық мереке Тәуелсіздік күні емес пе?! Мұны ретттеуге болмай ма?" деген сұрақты жиі қоятынбыз. Ал, қазір мемлекеттік қызметтеміз. Енді бұл мәселеге назар аудармасақ өзімізге сын. Сондықтан, облыс әкімі Асқар Мырзахметовке облыстағы қалалар мен елдімекендерге, ғимараттарға жаңа жылдың құттықтауларын 17 желтоқсаннан бұрын ілгізбеу керек деген ұсыныс айттық. Әкім бұл ұсынысымызды қолдап, тиісті мекемелерге, аудан, қала әкімдеріне тапсырма берді. Біздің пайымдауымызша Тәуелсіздік мерекесін ұлықтау осындай ұсақ-түйек шаруалардан бастау алады. Бәлкім, мұны ұсақ-түйек деуге келмейтін шығар, Дегенмен, облыс әкімнің бұл мәселеге көңіл бөлуі бізді қуантып тастады. Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа жылдың шыршасы Тәуелсіздік күнінен бұрын тігілмейтін дәстүр бар екен. Жаңа бастама осы игі дәстүрді толықтыра түсетіні анық.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір