• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Қараша, 15:23:49
Алматы
+12°

03 Қараша, 2014 NEWS

Ислам Жеменей. Иран қазақтары

(Тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі)

(Тұрмыс-тіршілігі, салт-дəстүрі)

Ата-жұрттан шет елдерге əр түрлі себептермен кетіп, сонда өмір сүріп жатқан қазақтар əлемнің əр түкпірінен кездеседі. Солардың қатарында кеңестік жүйеде шаруаны ұжымдастыруды сылтауратып, елдің қолында бар малын тəркілеген солақай саясаттың кесірінен иран еліне көшкен қазақтар да болды. 1925 жылы салық қызметінің мəліметі бойынша Адай округінде 26 641 сиыр (бұл түлік негізінен, Тай сойған, Сағыз, Ойыл, Қазбек олыстарында) 62 278 жылқы, 103 364 түйе, 916 846 қой болған. Округтегі мал шаруашылығымен айналысқан шаруашылықтар шашыраңқы отырғанын ескерсек, бұл əрине, толық мəлімет емес, мал басы бұдан əлдеқайда көп болуы керек». Маңғыстау өңірі 1851 жылдардан бастап бірнеше рет табиғи жұтқа кіріптар болды. Ал, 1927-1929 жылдар аралығының өзінде екі рет жұттың кесірінен малдары қырылып қаңырап қалды. Табиғаттың қаталдығы аздай Маңғыстауда ірі байларды тəркілеу 1929 жылы басталды. Бұл бағыттағы жұмыстарды Қазақстан Өлкелік атқару комитеті мен Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 9-шы желтоқсандағы ауылдық кеңестерді қайта сайлау, байлар мал-мүлкін тəркілеу, кедей, жалшы топтарын құрып, малшыларды түгелдей колхоздарға ұйымдастыру жəне отырықшыландыру туралы міндеттерді атап көрсеткен 19 нұсқау хаты жеделдете түсті. Қазақ АКСР ОАК Төралқасының 1932 жыл 12-ші наурызындағы «Қазақ еңбекшілері шаруашылығының отырықшыландыру жоспары» туралы қаулысы бойынша Маңғыстауда сол жылы 400 шаруашылық қоныстанғанымен бұрын көшпелі өмір кешіп, еркін жүрген елді бір жерге топтастыру көптеген қателіктермен жүргізілді. Байларды тəркілеу кезіндегі асыра сілтеу кесірінен орта шаруалар да бұл тізімге ілігіп кетті. Ел ішінде наразылық, аштық, қашу, малын айдап тұс-тұсқа көшу сияқты халықтың бой көрсету толқыны көбейді. Табиғат пен саясаттың қатігездігінен Маңғыстау өңірінде қаңыраған тұрғыны жоқ ауылдар пайда болды. Cондықтан үкімет шоши бастап 1935 жылы шекараларды тас бекітіп, Қазақстаннан тысқары жақтарға көшу, жаппай босқын-шылықты тоқтатты.

Иран қазақтары1929-1933 жылдар аралығындағы «Қызыл табан шұбырынды» кезінде Маңғыстаудан Түркіменстан топырағы арқылы Иран жеріне өтті. Қазақтар əуелі иранның солтүстік шекарасындағы шағын қала Гомишан жəне Саллақ ауылына барып табан тіреді. Гомишан мен Саллақтың тұрғындары түгелдей түркімендер болатын. Аталмыш мекендер Иранның солтүстік жəне солтүстік шығысындағы «Түркімен сахара» даласының батыс жағында орналасқан. Иранның Түркімен сахарасы ежелден түрікмендердің тұрағы, олардың саны туралы қазірге дейін нақты мəлімет айта алмаймыз. Бірақ, бір миллион төңірегінде халық саны бар деген ақпарат айтылады.

Иранға көшкен қазақтарға бірде-бір жерге тұрақтап мекен ету оңай бола қойған жоқ. Өйткені əп-сəтте қазақтарға мал бағып, шаруамен айналысып, тіршілік етіп кетулері мүмкін болмады. Бірінші себебіиранның мемлекеттік парсы тілін білмеулері, екіншісіжаңа қоғамның тыныс-тіршілігімен таныс болмаулары, үшіншісіауа райының қолайсыздығынан тез арада ортаға бейімделіп кете алмаулары, төртіншісіолар əу-баста Сауд-Арабиясындағы Мекке мен Мəдина қалаларына барып сонда тұруды армандағаны болды. Мекке қаласын армандаған қазақтар көптеген қиындықтарға төзіп, иранның солтүстігінен оның оңтүстігіндегі Парсы шығанағына дейін барған. Дəм-тұз тартпаған болар, ауа-райы бұзылып, борандатып, теңіз апталап толқып, борандатып тұрыпты. Парсы шығанағында босып жүрген қазақтар, жұмыстың жоқтығына ұзақ уақыт шыдай алмай кері қайтуларына тура келді. Олар парсы тілін білмеген үшін іздеп жүріп түркі тілдес əзірилерді тауып, олардан иранның ауа-райы ерекшеліктерін, жолдарын біршама біліп алған. Сөйтіп, ылғалы аздау аймақты анықтап оңтүстіктегі Парсы шығанағынан қайтадан солтүстік бағытқа Систан мен Бəлучстан провинцияларынан өтіп, иранның шығысы мен шығыс солтүстігінде орналасқан Хорасан провинциясындағы Машһад, Семнан не Шаһруд қалаларының бірінде тұруды ұйғарып сол жаққа барған. Ондағы тұрғындардың барлығы парсы тілді, шийт мəзһабындағы ел екендігін білген қазақтар ол жерде олармен тез-арада тіл табысып кетулері мүмкін еместігін сезген. Содан барып, кеңесе отырып тілі бір, діні бір, ділі бір деген түрікмендерге жақын болайық деп қайта Түркімен сахараға оралды. Бұл ретте басында Бəндəр Түркімен шаһарына жақын Низамабад ауылына, Гүмбез Кавус қаласының өзен жағасындағы Шəйбойы ауылына тұрақтанды. Бірақ бір топ қазақтар парсылар тұратын аймақтарға көшті. Соның бір бөлігі Горган қаласының Əтрəкчал мен Сұлтанабад ауылдарының тұрғындары болды.3

Əйтсе де уақыт өте келе шаруашылығын дамыту үшін азын-аулақ малменен қоса егіншілікпен де айналысуларына тура келді. Соның арқасында ғана жаңа мекенде тұрмыс тапшылығынан аз да болса құтылғандай болды. Əйтеуір, қайыр тілеген жоқ.

Əу-баста Иран шекарасынан шамамен бес жүз отбасы, кейбір айтуларға қарағанда, он мың отбасы өтіпті. Олар екінші рет Түркімен даласының маңына келгенде Горган қаласының Күрдкүй, Бəндəршаһ (1979 жылғы ислам төңкерісінен кейін Бəндəр-Түркімен деп аталған) қалалары маңайындағы түрлі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда Беһшаһар мен Бəндəршаһ қалалар арасында салынып жатқан трасса мен темір жол құрылысында жұмысшы болып еңбек етті. Қазақтар жол құрылысына, ғимарат салу жұмыстарына жұмсаған еңбектері үшін жергілікті халықтың алғысына бөленіп, Иран өкіметі тарапынан ерекше бағаланды. Алайда жұмыс қиынға соқты. Жаңа ортаның табиғатына да үйренісе алмай бастапқы жылдары қазақтар арасында өлім-жітім өте жоғары деңгейге жетті. Яғни əрбір он кісінің алтауы қазаға ұшырап жатты.

Ақсақалдардың айтуына қарағанда, жас демей, кəрі демей адамдар жаппай безгек ауруына шалдығып, іші ісініп бірнеше күннен кейін қайтыс болатын. Біршама уақыт өткеннен кейінжаңа ортаға үйренісе алмай экология зардабына душар болды. Сөйтіп, қала төңірегіндегі жұмыстардан бас тартып Горган, Бəндəршаһ жəне Гүмбез-Қауыс қалаларына көшіп, бір жолата сол қалалардың шетінде шоғырланып «қазақ маһалле» ауылдарын құра бастады. Бүгін мыңдаған қазақтар ата мекенге оралғанымен ауылдардың саны аталған əр қалада екеуге жетті.

Кейінгі жылдары аталған үш қала Мазандаран провинциясынан еншісін алып, Гүлстан провинциясы деп аталады. Жаңадан құрылған Гүлстан провинциясының орталық қаласы Горган шаһары болып бекітілді.

4

Алайда қазақтардың енді-енді ес жиып, өмір мəнін сезе бастағандары көпке ұзамай жаңа бір пəлекеттің тығырығына шалдыққандарын сезді. Ол жаңа қоныста ер мен əйелдің бедеу болып қалуы еді. Осылайша күндер, айға, жылдарға ұласып, бес жылдан кейін əрең дегенде үміт сəулесі жарқырай бастады. Бірақ та дүниеге келген сəбилер шетінеп кететін болды. Үмітсіз шайтан демек, əйтеуір, он жыл өткен соң дүниеге келген сəбилер күнделікті тіршілікке дағдыланып, ата-ананың ұрпақты жалғастыру арманы іске асты.

Қазақтар өмір мен өлім арасында арпалысып жүрген сол бір жылдары Мекке қаласын кие тұтып сонда барып орналасуды ұлы арманына айналдырған еді. Соның бір айғағы бір екі отбасы Байпақ Ескелді атаның басшылығымен 1941 жылдар шамасында Меккеге барып тұрақтады. Қазіргі кезде олардың ұрпақтары он шақты шаңырақ болып Меккеде тұрады. Арабия елінің азаматтары. Арабтармен де құдандаласып, жегжат болып кеткен. Байпақ қажы арман қаласы Меккеде қайтыс болса, туған інісі Ордабай Иранның Горган қаласында бізбен көрші тұрып, қартайған шағында сонда дүние салды. Ордабай ағаның Бəйділлə, Тойжан, Зейнеш, Қазжан, Айти атты екі ұл, үш қыздары менің туған бауырларымдай мен Қазақстанға кеткенге дейін тату-тəтті араласып, қуанған, мұңайған күндерді бірге өткіздік. Адамдар жүректері арқылы бір-бірін іздесе «тау тауға жетпейді, адам адамға жетеді» демек тағдыр жоғалған жандарды табыстырады. Қалай?

1960 жылдары Меккеге жету арманы тағы бір топты құбылаға беттеуге итермелейді. Ораз Олжасы Жеменей мен Сүйеп Алтын Жаппас, Бердəулет Жаман Адай ағалар араб еліне сапар шегеді. Бірақ оған жетпей Иорданияда(Үрдін) қоныс тебуге мəжбүр болады. Ораз ағаның үш ұлы болады. Салық пен Аллаберген жəне Сапар. Ораз аға ондаған жыл бойы Иорданияда (Үрдін) тұрды. Балалары ер жетті. Сосын жалғыз екенін сезіп, ағайын іздеді. Үлкен ұлы Салыққа құда түскісі келді, бір ғажабы Алла бізге көрші Ордабай ағамен құдандаласуды жазды. Ордабайдың Зейнеш деген қызына құда түсті. Зейнеш он тоғыз жасында келін болып Иорданияға аттанды. Салық пен Зейнеш Йорданияда жаңа шаңырақ тігіп, тату-тəтті отбасылық өмір бастады. Үш ұл мен үш қыздың ата-анасы атанды. Қазіргі кезде Салықтың барлық отбасы мүшелері Түркия азаматтары, Стамбул шаһарында тұрады. Меһмет атты ұлы Қазақстанда Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи атындағы Халық-аралық қазақтүрік университетінің заң факультетін бітірген. Сонда оқып жүріп, келешек жарын тапты. Ол дəрігерлік салада оқыған қызымыз Венера. Көңілі жарас-қан екі жас үйленіп, Түркияға аттанды. Қазіргі кезде Стамбулда жеке шаңырақ құрып, өз салалары бойынша тіршілік етіп жүр. Салық қызы Фатима болса ұшақта жол серігі болып жұмыс істейді. Ораздың екінші ұлы Аллабергеннің жұмыс орны Сирияның астанасы Шам (Дамаск) шаһарында болған. Өкініштісі Сириядағы саяси қақтығыстардан туындаған қиындықтарға төзе алмай үйін, жұмыс орнын тəрк етіп, зайыбымен Стамбулдағы Салық ағасының жанына тұрақтауға мəжбүр болған. Ораздың кенже ұлы Сапар еті тірі, өмірге құштар болса да тағдырдың жазмышынан құтыла алмай отыз бес жас шамасында 1995 жылы жол апатынан қаза тапты, артында бір ұл, бір қыз қалды. Сапардың ұлы Білəл 23 жаста Йорданияда жұмыс істейді, қызы анасымен бірге Антакия қаласында тұрады. Нағашы анасы мен нағашы апасы төрт мүшесі бар қазақтың аталған қаладағы жалғыз шаңырағы. Ораз ата 95 жасында бес-алты жыл бұрын Стамбулда қайтыс болды. Қай арманына жетті екен қария?

Ораз қариялар мұсылман елдерде тұрып жатқаны жұбаныш болса да көңілдерінің түбінде тегін іздеген түйсік елін сағындырмай қоймайды. Ұлттық тұғырдан өмірге көз жүгірткенде жалғыздық сезім бойларын билеп кететін сəттер аз болған жоқ. Сол үшін Ораз қария ұрпақтары өздерінің туған халқының тамырынан ажырап қалмасын деген оймен шет жүргенде фамилиясын «қазақ» деп қойды. Ата мекен тəуелсіз ел болып ту көтерген жылы шет ел қазақтары ғаріп халден шықты. Өздерін əлемдегі азат елдердің қатарында сап түзегенін терең сезінді. Өйткені олар шетте жүріп, азат ел болу не екенін өмір жолдарынан тəжірибе еткен жандар еді. Тəуелсіздіктен кейінгі жылдар туған халқының тілі мен діні жаудың соққыларынан əбден жарақаттанып, күйзеліске ұшырағанын байқағанда өкініш те өзектерін өртегені шындық. Елін аңсаған жандардың жалғыздық түйсігі бара-бара сергелдең сезімдердің шырмауына түсіп, азапты күй кеше бастағанда көңілдеріне дауа болатын өрелі жандар ата-жұрттан түрлі мақсаттармен саяхатқа барып, алдарынан шығып тұрды. Сондай күй-жағдайды басынан кешіріп жүріп, ата-мекеннен барған ағайындармен кездесіп, олармен жүздесуді, елді аңсаған көңіліне демеу тұтып жүрген жандардың біріСалық Қазақ. Салық Қазақ жастайынан Иорданияда тұрған. Оншақты жыл бұрын тəуелсіз Қазақстан елінен бір топ делегат аталған елдің астанасы Амман қаласына барғанда Салықпен кездесіп қалған. Солардың арасында қазақтың қадірлі ақыны Ғалым Жайлыбай да болған. Салық пен Зейнеш Ғалымды айрықша бір көңілмен сүйсіне еске алып,онымен бауыр басып дос болғандарын айтып отырады. Елге барсақ пана болар таудай бауырларымыз бар деп мəз болады. Менен «сен Ғалымды білесіз бе?» деп сұрайды. Мен де «əрине, білемін. Еліміздің елеулі ақын азаматы, оның жүрегіне барлық қазақ сияды, жаны барлық қазаққа шапағат нұрын шаша алатындай пəк» деймін. Олар жауабыма сəбише қуанады. Сосын « Ислам, білесің бе? Ғалымның бізді жақсы көретіні соншалық, ол қонақ үйде өзіне арналған орын бола тұра біздің үйде қонады» деп шаттанады. Əрі « осы Стамбулға көшкенімізде де бізге келіп кетті. Қазақтың өнерпаз күйшіəншілерімен келіп, сағыныш мауқымызды басты, біз елге оралғанда жалғыз емеспіз» деп қуаныш самалымен желпінеді. Мен кейін Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» атты өлең жинағында Салық Қазаққа «Аммандағы Адайларға» деген арнау өлеңін оқығанда Салық пен Зейнештің Ғалымға деген сүйіспеншілік сезімін біршама ұға білгендей болдым.

Сурет: azattyq.org

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір