• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:31:35
Алматы
+12°

30 Қазан, 2014 NEWS

Бейнер: «Буш Путиннің тұмсығын 10-ақ секундта бұзатын еді»

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы спикері Джон Бейнер Айова штатының  Дэвенпорт қаласындағы республикашылдардың жиналысында қызықты пікірлерін жария етті деп...

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы спикері Джон Бейнер Айова штатының  Дэвенпорт қаласындағы республикашылдардың жиналысында қызықты пікірлерін жария етті деп хабарлайды «Yahoo News».  

«Егер, Құрама Штаттардың қазіргі президенті Джордж Буш болғанда, Владимир Путин Қырымға басып кіре алады деп ойлайсыздар ма?»-деген Джон Бейнер Дэвенпорттегі Огайолық республикашылдардың іс-шарасы кезінде. «Жоқ! Ақылды Владимир Путин өзінің Джордж Буштан он секундта-ақ тұмсығы бұзылатынын анық біледі»,-деп ашық айтқан АҚШ конгресінің өкілдер палатасы спикері.

Палата  спикерінің бұл пікірлері республикашылдардың қызу қолдауына ие болды,-деп жазады аталмыш ақпарат көзі.

Putin

Джон Бейнер Барак Обаманың сыртқы саясатын сынаушы АҚШ-тық саясаткерлердің бірі. Алдыңғы айда Ақ Үй Ауғаныстан мен Ирактағы Ислам мемлекеті күштеріне әуеден соққы беру әрекетін жүргізгенде де, басқаша пікір айтқандардың бірі болған-ды.

«Біреулердің етігі табанын жерге тигізулері керек»,-деген ол.

Әрине, бұл «басқа біреу президент болғанда, Владимир Путин Қырымға басып кірмес еді»,- деген пікірдің бірінші рет айтылуы емес-тын. 2012 жылғы Құрама Штаттардың президентігіне үміткер болған  Митт Ромнидің әйелі Энн Ромни Ресей президенті Владимир Путин менің күйеуімнің көзіне тайқымай тіке қарай алмайды,-деп сұқпат берген Yahoo News-дің журналистеріне. « Әйтпегенде, Владимир Путин кейбір салдарлардың туындайтынын біледі деп сенемін»,-деген Митт Ромнидің жұбайы.

Т. Шаншарбек

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір