• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:33:04
Алматы
+12°

Құрметті, Сәкен бауырым!

Қолыма қалам алып , осы жолдарды жазуға  Сенің  өршіл мінезің мен  от-жалын намыскерлігің себеп болды. Алғаш рет  ол туралы маған алматылық Төлубек атты таксист   айтып берді. - Аға,  Сәкен Майғазиев нағыз мықты азамат екен. Алматыдағы  қаптап кеткен  жын-ойнақтарды құрту керек.  Сол жолда түрмеге түсуге, атылып кетуге де дайынмын,-  деді.

- Сәкен , оны қайда айтып жүр?

- Естіген жоқсыз ба,  шектен шыққан көгілдірлер Құрманғазы атамыз бен Пушкинді қорлап, сүйістіріп қойыпты. Соған шыдамаған  Сәкен топ бастап барып, жиіркеніштілердің екі аяғын бір етікке тығыпты. Биллбордты  алдырып тастапты.

- Айтқаның рас болса, Сәкен ініміз нағыз намыскер  қазақ екен. Бүгінгі таңда ащы болса да шындықты айтайын,  біздің қоғамға ұлттың  намысы  үшін жанын қиюға дәл осы  Сәкендей  даяр жігіттер жетіспейді, - деп жауап қаттым.

Құрметті, Сәкен бауырым!  Сені   Ұлы Абай атамыз айтқандай құлақтан кіріп, бойды алар әуезді әніңмен танимыз. Отбасымызбен бірге теледидардан тамсанып тамашалаймыз. «Музарт» тобының өнерін жоғары бағалаймыз.  Бұл жерде мәселе  таныған, танымағанда емес. Мәселе, сенің  өнер адамдарының ішінен, жалпы, Алматы қаласындағы қазақ азаматтарының ішінен бірінші болып  суырылып шығып  ұлттың намысын қорлаушыларға тойтарыс беруіңде жатыр. Бұл, ерлік! Сол үшін саған  ризашылығымды білдіріп, рахметімді жеткіземін!  Жолың ашық болсын! Бағың артып, жұлдызың жарқырай берсін! Сен сияқты  өр мінезді, көкіректері от-жалын, ұлттың намысын қорғайтын азаматтар көп болсын!

Үлкен құрметпен, ізгі ағалық ниетпен

Сәдібек Түгел. «Ұлы Дала Қырандары » қозғалысының  тең төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір