• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:22:45
Алматы
+12°

17 Қыркүйек, 2012 NEWS

Тікелей желіде Әлімғазы Дәулетханұлымен сұхбат

імізде еңбегі ересен болғанымен, есімі елге кеңінен таныс болмаған тұлғалар аз емес. Солардың бірі – Әлімғазы Дәулетханұлы десек қателеспейміз. Ол Түркітану...

Елімізде еңбегі ересен болғанымен, есімі елге кеңінен таныс болмаған тұлғалар аз емес. Солардың бірі – Әлімғазы Дәулетханұлы десек қателеспейміз. Ол Түркітану мен қазақ тарихы жөнінде елеулі зерттеулер жасаған ғалым. Кезінде Либай ақын туралы жазаған тұщымды мақалалары да қалың жұртты елең еткізген. Ендеше, Қытайтану, Түркітану мәселелері жөніде сұрақтарыңыз болса, мархабат!

Әлімғазы Дәулетхан 1943 жылы ҚХР Іле қазақ автономиялы облысы Күнес ауданында туылған. 1961-1966 жылдар аралығында Үрімжі қаласындағы Шыңжаң университетінің қытай тіл-әдебиеті факультетін тәмамдаған. 1966-1969 жылдар аралығында атышулы «Мәдениет төңкерісінің» салдарынан Бұратала моңғол облысының Арасан ауданын жер аударылып(зиялыларды еңбекпен қайта тәрбиелеу деген жарлықпен) мал бағып, басқа да қара жұмыстарға жегілді. 1969 жылдың 2 сәуірінде Қазақстанға қашып өтіп, саяси баспана сұрайды. Алғашында 10 айды Алматыда мырза қамақта, одан Көкшетау облысы, Уәлиханов ауданына қарасты «Золотая Нива» совзхозына жер аударылып, «Паспорттық режим» бойынша басқарылады. Малшы, құрылысшы, тракторшы болып жұмыс істейді. 1972-1976 жылдары Шымкент мемлекеттік педагогика институтының қазақ тіл-әдебиеті факультетінде оқиды. 1969-1986 жылдары аралығында 17 жыл бойы КСРО азаматтығын ала алмай, «Лицо безгражданство» деген құжатпен, азаматтық құқықтан шеттетілді. 1989-1992 жылдары Қазақ теле-радио комитетіне қарасты «Алатау» бағдарламасында редактор болып істеді. 1993-1996 жылдары еларалық «Заман-Қазақстан» газетінде аудармашы-тілші болып қызмет істеді. 1997 жылдан бүгінге дейін ҚР ғылым академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы тарих-этнология институтының «Ежелгі және орта ғасыр» бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.

Ғылыми еңбектері:
  1. «Қазақстанның иллгострациялық тарихы». 2000 жыл.
  2. «Түркеш қағанаты» монография. 2005 ж.
  3. «Ғұн-түрік-қазақ тарихы зерттеу мәселелері». 2005 ж.
  4. «Қазақ мемлекеттігі тарихы», ұжымдық жинақ. «Батыс түрік қағанаты» және «Түркеш қағанаты» бөлімі.
  5. «Түрік халықтары әдебиеті тарихы» атты оқулық пен хрестоматия. 2005 жыл. Шығыс Түркістандағы ұйғыр, қазақ әдебиетіне арналған бөлім.
  6. «Шығыс Түркістан халықтары ұлт азаттық дәуірі әдебиеті»(1679-1949). Монография. 2011 жыл.
Аудармалары:
  1. Баһаддин Өгел, «Ұлы Ғұн империясының тарихы» 2 том. 1998 ж. Түрік тілінен.
  2. Лин Ган, «Ғұн тарихының жылнамасы». Ұжымдық аударма.
  3. «Түрікті ұлы тұлғалары». Түрік тілінен.

Әртүрлі тақырыпта жазылған 100-ден астам ғылыми-зерттеу мақалаларының авторы. Қытай, түрік тілдерін меңгерген.

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір