• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:34:13
Алматы
+12°

19 Шілде, 2014 NEWS

Қос саясаткер: Ресей-Украина қақтығысына енді дүниежүзі араласады

Украинаның Донецк облысында Малайзияның жолаушылар ұшағы зымыран соққысынан апатқа ұшырады. Әуе кемесіндегі 300-ге жуық адам түгел қаза тапты. Украина билігі...

Украинаның Донецк облысында Малайзияның жолаушылар ұшағы зымыран соққысынан апатқа ұшырады. Әуе кемесіндегі 300-ге жуық адам түгел қаза тапты. Украина билігі мұндай жауыздықты Донецк облысын оқшаулаған сеператистер жасады деп айтыптап отыр. Ғаламторда сепаратистердің ұшақты атып түсіргендігі жөнінде аудиожазба пайда болды. Саясаткер ретінде Сіз осы оқиғаға қандай баға бересіз?

1522064_657047984363255_923211996_n

Әміржан Қосанов, саясаткер:

Соғысты бастаған - Ресей. Яғни бәріне Ресейдің қатысы бар

- Соғыс қай жерде жүріп жатса да, әлемнің кез келген еліне тікелей қатысы бар боп шығады! Жаһандану үдерісінің бір нәтидесі осы шығар. Алыстағы Украина аспанында ұшып бара жатқан бірнеше мемлекеттің азаматтары бар Малайзия әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшыруы соның бір дәлелі болып отыр ғой. Яғни, соғыс баршаға ортақ! Украина мен Ресей арасындағы соғыстың салқыны сонау бірнеше мұхиттың ар жағындағы елдерге тие бастады. Өз басым мәселенің мәнісіне бармай жатып, атүсті «мына жақ кінәлі!» деп айтудан аулақпын. Бұл апат, сөзсіз, бүкіл әлем жұртшылығының назарына ілікті, ендігі жерде азаматтарынан айырылған елдер, халықаралық ұйымдар оқиғаның анық-қанығына жетпейінше тынышталмайды. Сондықтан, халықаралық тәуелсіз комссия құрылып, соның жұмысының нәтижесін күткеніміз абзал. Оның үстіне, бұл оқиға Украина мен Ресей арасында болып жатқан соғысқа тікелей байланстырыла қарастырылатыны да заңды. Екі ел арасындағы кескілескен әрі ымырасыз ақпараттық соғыстың қалай өтіп жатқанын көріп келеміз. Енді осы қайғылы оқиғаны екі жақ та өз мүддесі тұрғысында «пайдаланары» сөзсіз. Байқадыңыз ба, сол шайқас кешеден бере одан сайын өршіп кетті. Әзріше бұлжытпас бірнеше факті бар. Біріншіден, сепаратистер Украинаның оңтүстік-шығыс бөлігіне иелік етіп жатқанына біраз уақыт болды. Яғни, сол аумақтағы жағдайға және онда орын алған оқиғаларға олар тікелей жауап беруі тиіс. Бір сөзбен айтқанда белгілі себептерге сай ресми Киев Луганск пен Донецк аймағына толыққанды бақылау жасай алмай келеді. Осы оқиғадан кейін, олардың кінәсі расталса, сепаратистер «халықаралық террористер» ретінде танылмақ. Мұның өзі Украинадағы соғысқа халықаралық ықпалдың еселеніп күшеюніе әкеп соқтыруы тиіс. Ол кездегі қазіргі Ресейге қарсы санкциялар баланың ойыны боп қалары сөзсіз. Мәселенің түп негізіне үңілсек, осы соғысты бастаған – Ресей! Яғни, сол соғыстың аясында не боп жатыр, - соның бәріне Кремльдің тікелей саяси қатысы бар болмақ. Екіншіден, «БУК» секілді соншама биіктегі нысандарды құлата алатын қару бар екенін бүлікшілдердің өзі жаһанға жария етіп, мақтанып жазған. Яғни, олардың да ол ұшақты атып түсіруіне бар мүмкіндік болған. Олай болған жағдайда бар жауапкершілік сондай қаруды олардың қолына берген Ресей. Үшіншіден, апаттан кейін лезде Кремльге жақын БАҚ «украиндықтар Малайзия ұшағын емес, президент Путиннің ұшағын атқыламақ ойда болған екен» деген ақпарат тарата бастады. Мықты болса, сол апаттың алдын алмады ма? Оның үстіне тым үстірт әрі асығыс айта салынған хабарға ұқсап кетті. Не болса да, егер де бұл алдын-ала ойластырылған акция болса, онда оның авторлары дегніне жетті: екі ел арасындағы соғыс шын мәнінде дүниежүзілік деңгейге көтерілді... Шынын айтсақ, бұл апаттың басқа да себептері болуы мүмкін. Мәселен, ол апаттың өз құлауы болған шығар. Бәлкім, бұл украин әскерилерінің де қатысы бар апат болуы мүмкін, өйткені 10 мың шақырым биіктіктегі ұшақты атып құлата алатын қару украин жағында да бар. Бірақ, меніңше, ресми Киев өз жерінде мұндай резонансты апаттың орын алуына еш мүдделі емес. Сондықтан, қайталап айтайын, әліптің артын бағайық. Тексеру қорытындыларын күтейік. Бір нәрсе анық: жазықсыз, сол соғысқа ешбір қатысы жоқ құрбандардың, соның ішінде 80 бейкүнә бүлдіршіннің және олардың ата-аналарының, көз жасы ешкімді де жібермейді.

539844_416578611721768_265883880_n

Жасарал Қуанышәлин, саясаткер:

Ресей фашистік Германияның ізімен келе жатыр

Менің мұндай шектен шыққан жауыздыққа берер бағам біреу - фюрер Путлер мен фашистік Кремль өздерінің Украинаға қарсы ашқан жыртқыштық соғысында қандай да болса қылмыстан тайынбайтындығын өздерінің осы айуандығымен де, соңғы айларда жасаған көптеген басқа да айуандықтарымен толық дәлелдеді. Және сол қылмыстарының ізін жасыру мақсатында путлерлік Ресей Украинаға қарсы арсыз өтірік пен жалаға негізделген масқара ақпараттық соғысты да өршітіп отыр. Бұл тұрғыда Путлер - Гитлердің, фашистік Ресей - фашистік Германияның ізімен келе жатыр. Ал, кейбір қылмыстары жөнінен орыс фашизмі бүгінгі таңда неміс фашизмінен де озып кетті деуге толық негіз бар. Сондықтан Кремльдің "КСРО-ны қалпына келтіру!", "Орыс жерлерін кері қайтару!" ұрандарына негізделген фашистік-реваншистік саясаты адамзат баласын Үшінші дүниежүзілік соғысқа ұрындырмауы үшін бүкіл әлем орыс фашизмін ауыздықтау мақсатында күш біріктіріп, шешімді іс-әрекеттер жасауға тиіс деп есептеймін. Ал, Қазақстан, қазақ азаматтары қазір фашистік Ресеймен құрылып жатқан Кедендік және Еуразиялық одақтардан, яғни, жаңаша отаршылдық бұғаудан неғұрлым тезірек құтылу мақсатында бас біріктіріп, аянбай күрес жүргізуі керек...

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір