• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:24:27
Алматы
+12°

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамыр да туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында, мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған.

шығармалары:

  • Көкше қүрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979;
  • Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;
  • Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984;
  • Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985;
  • Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 1988;
  • Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996;
  • Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001;
  • Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 2005;
  • Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 2007.
  • Құбылыс. А.,  «Атамұра», 2009.
  • Жұлдызтас. А., «Атамұра», 2011.
Оқырман назарына ақынның  "Туған жер" өлеңін ұсынып отырмыз. 
Туған жердiң қар, мұзы, Аязыңмен «жуындыр». Туған жердiң бал қызы, Бұрымыңмен буындыр. Туған жердiң бұлағы, Толқыныңмен ат менi. Туған жердiң жыланы, Шырылдатып шақ менi. Туған жердiң шеңгелi, Тырна аямай бетiмдi. Туған жердiң ерменi, Аузыма құй өтiмдi. Туған жердiң доңызы, Қан жоса ғып жарып кет. Туған жердiң қоңызы, Домалатып алып кет. Туған жердiң қасқыры, Кемiр ақын сүйегiн. Туған жердiң тас, құмы, Сенi осылай сүйемiн!  
сурет: thenews.kz сайтынан алынды
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір